Еуропалық ірі жүк тасымалдаушы Астана арқылы ұшады

© Photo : Аэропорт АстаныСамолет европейской компании Cargolux в аэропорту Астаны
Самолет европейской компании Cargolux в аэропорту Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
Жазылу
Толыққанды коммерциялық жүк рейстерін іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Еуропалық ірі жүк тасымалдаушы Cargolux қайтадан Астана арқылы ұшады, деп хабарлады елорда әуежайы әкімшілігі.
Әуе компаниясы Астана әуе айлағы арқылы күніне екі рейске дейін орындауды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде әуе кемелері жанармай құю және техникалық қызмет көрсету үшін қонады.
"Cargolux рейстерінің қайта жандануы Қазақстанның, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Еуропа мен Азия арасындағы маңызды логистикалық және авиациялық хаб ретіндегі рөлі артып келе жатқанын көрсетеді. Жоба Қазақстанның отын операторларымен бірлесіп жүзеге асырылады. Ол елдің транзиттік әлеуетін дамытуға, жүк тасымалдарын ұлғайтуға және Қазақстанның халықаралық авиация нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған", – деді әуежайдың баспасөз қызметі.
Алдағы уақытта Астана әуежайы аумағында тиеу-түсіру операциялары жүргізіліп, толыққанды коммерциялық жүк рейстері іске қосылады.
"Бұл елордалық авиациялық хабтың логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, жүк айналымын арттыруға және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға қосымша жағдай жасайды", – делінген хабарламада.
Cargolux – жүк авиациясы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Ол халықаралық логистика мен транзиттік тасымалдарда маңызды рөл атқарады, деп атап өтті әуежай әкімшілігі.
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Астанада салмағы ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
0