https://sputnik.kz/20260522/atyrauda-zhurgizushiler-nege-durlikti-politsiya-tusinikteme-berdi-63622257.html
Атырауда жүргізушілер неге дүрлікті: полиция түсініктеме берді
Атырауда жүргізушілер неге дүрлікті: полиция түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Олар көліктің сақтандыру және тіркеу құжаттарын тексереді деп алаңдаған 22.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-22T09:56+0500
2026-05-22T09:56+0500
2026-05-22T09:56+0500
атырау
жүргізуші
көлік жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/1275/81/12758134_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_1ccd0c191a788b19c5ebb9ec225f39b8.jpg
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Атыраудағы "Салтанат сарайының" жанында шетел нөмірін таққан екі жүзден астам автокөліктің иесі жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жүргізушілер Қазақстанның басқа өңірлерінен келген полиция экипаждарының рейдінен үрейленген. Олар көліктің сақтандыру және тіркеу құжаттарын тексереді деп алаңдаған.Атырау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, бұл – жедел алдын алу шарасы.Іс-шараға Астана қаласынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан қосымша күштер тартылған."Бұл іс-шара қандай да бір жеке жүргізушілер санатына немесе көлік иелеріне қарсы бағытталмаған. Профилактикалық шаралар жол қозғалысына қатысушылардың барлығына бірдей қатысты жүргізіледі – жергілікті тіркеудегі көлік иелеріне де, транзиттік және шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілеріне де бірдей бақылау жасалады. Негізгі мақсат – жүргізушінің қандай көлікпен жүргеніне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтап, жолын кесу", - дейді Атырау облысының полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20200127/Toqaev-tapsyrma-kolik-12659147.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1275/81/12758134_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_52d0375c0ead82ffa63e57530223bc2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, жүргізуші, көлік жүргізушісі
атырау, жүргізуші, көлік жүргізушісі
Атырауда жүргізушілер неге дүрлікті: полиция түсініктеме берді
Олар көліктің сақтандыру және тіркеу құжаттарын тексереді деп алаңдаған
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Атыраудағы "Салтанат сарайының" жанында шетел нөмірін таққан екі жүзден астам автокөліктің иесі жиналды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жүргізушілер Қазақстанның басқа өңірлерінен келген полиция экипаждарының рейдінен үрейленген. Олар көліктің сақтандыру және тіркеу құжаттарын тексереді деп алаңдаған.
Атырау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, бұл – жедел алдын алу шарасы.
"Атырау қаласында кешенді және қосымша жұмылдырылған полиция күштерінің бірыңғай гарнизондық саптық байқауы өтті. Өңірде ауқымды "Құқықбұзушылыққа тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара 21-23 мамыр аралығында өтеді", - дейді полиция.
Іс-шараға Астана қаласынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан қосымша күштер тартылған.
"Бұл іс-шара қандай да бір жеке жүргізушілер санатына немесе көлік иелеріне қарсы бағытталмаған. Профилактикалық шаралар жол қозғалысына қатысушылардың барлығына бірдей қатысты жүргізіледі – жергілікті тіркеудегі көлік иелеріне де, транзиттік және шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілеріне де бірдей бақылау жасалады. Негізгі мақсат – жүргізушінің қандай көлікпен жүргеніне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтап, жолын кесу", - дейді Атырау облысының полиция департаменті.