https://sputnik.kz/20260522/aqsh-kievke-hawk-zenittik-zymyran-keshenine-arnalgan-zhabdyqty-satady-63619791.html
АҚШ Киевке HAWK зениттік-зымыран кешеніне арналған жабдықты сатады
АҚШ Киевке HAWK зениттік-зымыран кешеніне арналған жабдықты сатады
Sputnik Қазақстан
Украинаға арналған жабдықтың құны 108 миллион доллардан асады 22.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-22T08:58+0500
2026-05-22T08:58+0500
2026-05-22T08:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/01/35542807_0:99:1280:819_1920x0_80_0_0_4bef51310c536c42888d1751a98cdfa0.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға HAWK зениттік-зымыран кешенінің жұмыс қабілетін қолдауға арналған жабдықты 108,1 миллион долларға сату мүмкіндігін мақұлдады.Сондай-ақ Мемдепартамент сайтындағы хабарламада Украина үкіметінің төмендегілерді сұратқаны айтылған:Сондай-ақ FrankenSAM HAWK зымыран жүйелеріне арналған логистикалық және бағдарламалық қолдаудың өзге де элементтері қамтылған.Ведомствоның мәліметінше, Украина бұл тауарлар мен қызметтерді өз Қарулы күштерінің құрамына еш қиындықсыз қабылдай алады. Бұл жабдықты сату өңірдегі негізгі әскери тепе-теңдікті өзгертпейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/01/35542807_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3b991a0c6327b4608eae9e8ff2196737.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ Киевке HAWK зениттік-зымыран кешеніне арналған жабдықты сатады
Украинаға арналған жабдықтың құны 108 миллион доллардан асады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға HAWK зениттік-зымыран кешенінің жұмыс қабілетін қолдауға арналған жабдықты 108,1 миллион долларға сату мүмкіндігін мақұлдады.
Сондай-ақ Мемдепартамент сайтындағы хабарламада Украина үкіметінің төмендегілерді сұратқаны айтылған:
діңгекті тіркемелерді сатып алу;
техникалық қызмет көрсетуге қолдау көрсету;
шығын материалдары мен аксессуарлар;
жөндеу жұмыстарына көмек;
АҚШ үкіметінің инженерлік, техникалық және логистикалық қызметтерінің қолдауы.
Сондай-ақ FrankenSAM HAWK зымыран жүйелеріне арналған логистикалық және бағдарламалық қолдаудың өзге де элементтері қамтылған.
"Бұл Украинаға қазіргі және болашақ қауіптерге қарсы тұруға, сондай-ақ өзін-өзі қорғауға және өңірлік қауіпсіздік миссияларын орындауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, Украина бұл тауарлар мен қызметтерді өз Қарулы күштерінің құрамына еш қиындықсыз қабылдай алады. Бұл жабдықты сату өңірдегі негізгі әскери тепе-теңдікті өзгертпейді.