Жетісу облысында 500 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

© Министерство сельского хозяйства КазахстанаСайгаки
Сайгаки - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында 500 келіден астам киік мүйізінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Жануарлар дүниесі объектілерінің заңсыз айналымының жолын кесу бағытында жедел іс-шаралар Панфилов ауданы аумағында өткізілді. Нәтижесінде 6 күдікті ұсталды.
"Сыртқы белгілері бойынша киік мүйізіне ұқсас 1,6 мыңнан астам зат анықталып, олардың жалпы салмағы 500 келіден асатыны белгілі болды. Аталған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша сирек кездесетін жануарлардың дериваттарын заңсыз өткізу арнасының жолы кесіліп, жануарлар дүниесіне келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу қамтамасыз етілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, өткізу арналары және өзге де қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.
Бестобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2026
"Қазақалтын" шахтасында заңсыз кен қазбақ болғандар қаза болды
Жаңалықтар
0