Қазақстандық бітімгерлер қанша жалақы алады

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, иллюстративное фото
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Қазақстанның 155 әскери қызметшісі бітімгерлік миссияларға қатысып жүр
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің алатын жалақысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 155 әскери қызметшісі бітімгерлік миссияларға қатысып жүр. Олар екі жақтан жалақы алады.
"Біріккен Ұлттар Ұйымынан ай сайын шамамен 1 500 АҚШ долларын алады. Одан бөлек, Қазақстан тарапынан негізгі жалақысы үш еселеніп төленеді", – деді Дархан Ахмедиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бұған дейін қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарына жіберілген болатын. Өткен айда олар 90-нан астам тұрғынға медициналық көмек көрсеткен.
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында 90-нан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсетті
Жаңалықтар
0