Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 82,4%-ға арттырды

© Photo : Министерство сельского хозяйства КазахстанаАуыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытайдың Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесті
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытайдың Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Биылғы жылдың алғашқы үш айында экспорт көлемі 82,4%-ға артып, 550 млн долларды құрап отыр
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытай Халық Республикасының Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : Министерство сельского хозяйства КазахстанаАуыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытайдың Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесті
Вице-министр сельского хозяйства Казахстана Ермек Кенжеханұлы провел встречу с руководителем Госуправления по продовольствию и стратегическим резервам КНР Лю Хуаньсинем - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытайдың Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесті
Ермек Кенжеханұлы Қытай Қазақстанның аграрлық саладағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
"Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 36,8%-ға өсіп, 1,97 млрд АҚШ долларын құрады. Ал биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 61,7%-ға артып, 697 млн долларға жетті", - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Былтыр Қытайға экспортталған агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің көлемі 35,3%-ға өсіп, 1,43 млрд АҚШ доллары болды. Негізінен мал азығы, өсімдік майлары, зығыр және күнбағыс тұқымдары, рапс майы экспортталды. Биылғы жылдың алғашқы үш айында экспорт көлемі 82,4%-ға артып, 550 млн долларды құрап отыр.
Қазіргі уақытта екі ел арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің 34 түрін экспорттауға қатысты хаттамаларға қол қойылған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 21 түрі және мал шаруашылығы өнімдерінің 13 түрі бар. Қытайға өнім тасымалдауға рұқсат етілген тізілімге 3601 кәсіпорын енгізілген.
Келіссөздер кезінде астық саудасындағы цифрлық құралдарды дамытуға айрықша назар аударылды. Қазақстан тарапы Қытайдың астық саудасына арналған цифрлық платформаны енгізу тәжірибесін зерделеуге ынталылық танытты.
Кездесу соңында бірлескен қазақ-қытай астық сауда платформасын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Жоба "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында Қытай мен Орталық Азия елдерінің іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
Жаңалықтар
0