https://sputnik.kz/20260521/keldin-be-botam-17-zhastagy-bozbalanyn-olimine-qatysty-tyn-aqparat-shyqty-63604658.html
"Келдің бе, ботам?": 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты тың ақпарат шықты
"Келдің бе, ботам?": 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты тың ақпарат шықты
Sputnik Қазақстан
Сот процесі жабық өтеді деген судья журналистерден залды босатуды сұрады 21.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-21T14:11+0500
2026-05-21T14:11+0500
2026-05-21T14:11+0500
пышақтап өлтірді
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 17 жастағы бозбаланың өліміне кінәлі деп айыпталған жасөспірімнің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қызды үйіне шығарып салуға кеткенЖангелді Мұраттың туыстары оны бес ай бойы жоқтап келеді. Қарапайым, ешкіммен қақтығыспайтын Жангелді қапелімде кісі қолынан қаза тапты. Жас болып жаңылып көрмеген бозбала ажалынан бір ай бұрын ғана 17 жасқа толған еді. Ал оны ұрып-соққан – бір үйдің екі баласы, бауырлар, екеуі де кәмелетке толмаған. Оқиға осы ағайындының есік алдында болған.Жаңағы үшеу ағасын шақырады."Ағасы үйге алып келіңдер деп бұйырған. Сол жерге Жангелдіні ертіп апарып, төбелескен. Оны сол балалардың анасы көріп, ажыратпақ болған. Төбелесіп жүрген ұлымның қолы сол әйелдің иық жағына тиіп кетіпті. Соған ыза болған сол үйдің баласы екі жерден пышақ ұрған", - дейді Тазагүл Режепова.Жангелдіге пышақ сұққан – 14 жастағы бала14 жастағы жасөспірім Жангелдіні пышақтаған соң, оқиға орнынан, яғни үйінен қашып кеткен. Жангелдінің қанға боялған денесін төбелес болған үйдің көршісі көрген."Ана ажыратқан әйел үйінде болған. Оны үлкен ұлы алып кіріп кеткен, ал кіші ұлы баламды пышақтап қашып кеткен. Сол жерде қансырап қанша жатқаны белгісіз. Көршісі көре салып, көлігімен ауруханаға апарған. Көліктің алдыңғы орындығында пышақтағанның ағасы отырған. Жангелдім ауруханаға жеткенде көз жұмды. Қара пакетке оралған денесін құшақтаған күйі қалдық", - дейді туыстары.Балалардың анасы – педагогЖангелдінің артынан ата-анасы жанұшыра ауруханаға жетеді. Сол жерде өлтірген бала мен анасы тұрған.Жылқыға алма турап беретін пышақты сұққанЖангелдіні пышақтаған оқушы Талдықорғандағы спорт мектебінде оқыған. Марқұмға жылқыға алма турап беретін пышақты сұққан. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабымен 8 жылға сотталды.Қазіргі уақытта оның ағасы, үйіне шақырған жасөспірімге қатысты сот жүріп жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 109-бабымен іс қозғалған. Бірақ Жангелдінің туыстары оған түбегейлі қарсы."Үйіне баламды алдырып алып, төбелес шығарған, ұрып-соққан. Баламның денесінде сау-тамтық жоқ. Бұл бала да сотталсын. Ешбір өкініші жоқ, мектепте менің балаларыма қарап, мазақ етіп, күлкі қылып жүр. Қозғалған бапқа біз қарсымыз", - дейді марқұм Жанкелді Мұраттың туыстары."Әже, маған ермеңіз..."Әжесі Жангелді қайтыс болардан бұрын жайсыз түс көріп, шошып оянған.Жангелдінің қазасынан кейін әжесі де, анасы да денсаулығынан айырылған."Тірі кезінде төсегіме келіп, еркелеп қасымда жататын. Қазір де солай... Түнде төсегім адам отырғандай басылады. Бәрін анық сеземін. "Жангелді, келдің бе, ботам? Келе ғой, келші, жата ғой қасыма" деп ылғи әңгімелесемін", - дейді көкірегі қарс айырылған әже.Sputnik Қазақстан тілшісі Еңбекшіқазақ ауданында өтіп жатқан сот отырысына барды. Алайда сот процесі жабық өтеді деген судья журналистерден залды босатуды сұрады. Тағы бір қызығы, бұған дейін осы жерде өтіп келген сот процесі аяқ асты Қарасай ауданындағы жасөспірімдерге арналған сотқа ауыстырылды.
https://sputnik.kz/20260518/shymkentte-koshede-ayeldi-pyshaqtap-oltirgen-kudikti-mazhburlep-emdeuge-zhiberildi-63538429.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
пышақтап өлтірді, алматы облысы
пышақтап өлтірді, алматы облысы
"Келдің бе, ботам?": 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты тың ақпарат шықты
Сот процесі жабық өтеді деген судья журналистерден залды босатуды сұрады
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 17 жастағы бозбаланың өліміне кінәлі деп айыпталған жасөспірімнің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қызды үйіне шығарып салуға кеткен
Жангелді Мұраттың туыстары оны бес ай бойы жоқтап келеді. Қарапайым, ешкіммен қақтығыспайтын Жангелді қапелімде кісі қолынан қаза тапты. Жас болып жаңылып көрмеген бозбала ажалынан бір ай бұрын ғана 17 жасқа толған еді. Ал оны ұрып-соққан – бір үйдің екі баласы, бауырлар, екеуі де кәмелетке толмаған. Оқиға осы ағайындының есік алдында болған.
"31 желтоқсанда Жаңа жылды қарсы алып, 1 қаңтар күні "бір қыз шығарып салдеді" деп үйден шығып кетті. Бара жатқан кезде алдынан 9-сынып оқитын үш жасөспірім шығып, "қайда барасың" деп сұрақтың астына алған. Жангелді жөнін айтқан. Бір жағынан өзінен кіші балалар боқтап тұрған соң менің балам да сөз қайтарған", - дейді марқұм Жангелдінің әжесі Тазагүл Режепова.
Жаңағы үшеу ағасын шақырады.
"Ағасы үйге алып келіңдер деп бұйырған. Сол жерге Жангелдіні ертіп апарып, төбелескен. Оны сол балалардың анасы көріп, ажыратпақ болған. Төбелесіп жүрген ұлымның қолы сол әйелдің иық жағына тиіп кетіпті. Соған ыза болған сол үйдің баласы екі жерден пышақ ұрған", - дейді Тазагүл Режепова.
Жангелдіге пышақ сұққан – 14 жастағы бала
14 жастағы жасөспірім Жангелдіні пышақтаған соң, оқиға орнынан, яғни үйінен қашып кеткен. Жангелдінің қанға боялған денесін төбелес болған үйдің көршісі көрген.
"Ана ажыратқан әйел үйінде болған. Оны үлкен ұлы алып кіріп кеткен, ал кіші ұлы баламды пышақтап қашып кеткен. Сол жерде қансырап қанша жатқаны белгісіз. Көршісі көре салып, көлігімен ауруханаға апарған. Көліктің алдыңғы орындығында пышақтағанның ағасы отырған. Жангелдім ауруханаға жеткенде көз жұмды. Қара пакетке оралған денесін құшақтаған күйі қалдық", - дейді туыстары.
Балалардың анасы – педагог
Жангелдінің артынан ата-анасы жанұшыра ауруханаға жетеді. Сол жерде өлтірген бала мен анасы тұрған.
"Не болды, не жағдай деп сұрап едік, "көшеде жатыр екен, ауруханаға әкелгенімізге рахмет айт" деді бір әйел. Сөйтсек сол пышақтаған баланың шешесі екен. Баламды ұрып-соғып, өлтіргендердің әжесі педагог, мектепте сабақ берген, қазір зейнеткер. Аналары да педагог", - дейді Тазагүл Режепова.
Жылқыға алма турап беретін пышақты сұққан
Жангелдіні пышақтаған оқушы Талдықорғандағы спорт мектебінде оқыған. Марқұмға жылқыға алма турап беретін пышақты сұққан. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабымен 8 жылға сотталды.
Қазіргі уақытта оның ағасы, үйіне шақырған жасөспірімге қатысты сот жүріп жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 109-бабымен іс қозғалған. Бірақ Жангелдінің туыстары оған түбегейлі қарсы.
"Үйіне баламды алдырып алып, төбелес шығарған, ұрып-соққан. Баламның денесінде сау-тамтық жоқ. Бұл бала да сотталсын. Ешбір өкініші жоқ, мектепте менің балаларыма қарап, мазақ етіп, күлкі қылып жүр. Қозғалған бапқа біз қарсымыз", - дейді марқұм Жанкелді Мұраттың туыстары.
Әжесі Жангелді қайтыс болардан бұрын жайсыз түс көріп, шошып оянған.
"Жангелдім мүгедектер қоларбасында отыр екен. Әр есікті бір қағып кіре алмай жүрміз. Жангелдім қиналып жүр. Бір уақытта бір есікке кіріп барады. "Әже, мен мында кіремін, сіз қалыңыз" деді. Мен артынан бірге кірмек болып жанталасып жатырмын. "Әже, сізге қалу керек. Кәусарға қарап жүріңіз, соған абай болыңыз" деді де ана есікке кіріп кетті. Кәусар деген қарындасы", - дейді әжесі Тазагүл Режепова.
Жангелдінің қазасынан кейін әжесі де, анасы да денсаулығынан айырылған.
"Тірі кезінде төсегіме келіп, еркелеп қасымда жататын. Қазір де солай... Түнде төсегім адам отырғандай басылады. Бәрін анық сеземін. "Жангелді, келдің бе, ботам? Келе ғой, келші, жата ғой қасыма" деп ылғи әңгімелесемін", - дейді көкірегі қарс айырылған әже.
Sputnik Қазақстан тілшісі Еңбекшіқазақ ауданында өтіп жатқан сот отырысына барды. Алайда сот процесі жабық өтеді деген судья журналистерден залды босатуды сұрады. Тағы бір қызығы, бұған дейін осы жерде өтіп келген сот процесі аяқ асты Қарасай ауданындағы жасөспірімдерге арналған сотқа ауыстырылды.