https://sputnik.kz/20260521/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-21-mamyr-63591194.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 мамыр
Sputnik Қазақстан
21 мамырда не болғанын білесіз бе? 21.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-21T00:01+0500
2026-05-21T00:01+0500
2026-05-21T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1019/97/10199756_47:0:2452:1353_1920x0_80_0_0_b7471f243653e962d4bb03511f015b61.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.21 мамырда қандай қызықты оқиға болдыБүгін – дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні. 2011 жылы ЮНЕСКО мәдени әралуандылық жөніндегі баршаға ортақ декларация қабылдады. Ал 2012 жылы БҰҰ бас ассамблеясы дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күнін жариялады. Бұл мерекенің басты мақсаты – адамдарға өз елінің ғана емес, өзге де халықтың ұлттық мәдениеті әр алуан екенін түсінуге мүмкіндік беру.21 мамыр – Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні 1998 жылы бекітіліп, бастапқыда қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланып жүрді. Алайда 2013 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бұл мереке 21 мамырға ауыстырылды.Бүгін – халықаралық ғарыш күні. Бұл мерекені 1998 жылы 21 мамырда АҚШ ғарышкері Эндрю Томас ғарыштағы "Мир" станциясында атап өтуді ұсынды.21 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар1904 жылы Парижде халықаралық футбол федерациясы – FIFA құрылды;1851 жылы Австралияда алғаш рет алтын табылды;1945 жылы Сирия мен Ливан Франциядан тәуелсіздігін алды;1956 жылы АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини атоллосында алғаш рет сутек бомбасын сынақтан өткізді.21 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1940 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы геологиялық зерттеулер институты құрылды;1999 жылы Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін "Каспий" мұнай құбыры тартыла бастады;2008 жылы Қазақстанда ұлттық аэроғарыш қауымдастығы құрылды;2013 жылы Қазақстанда "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңға қол қойды;2014 жылы Қазақстан астанасындағы Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады.21 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар1894 жылы Кеңес одағының композиторы Арсений Гладковский дүниеге келді. Ол алғаш рет "Қызыл Петроград үшін немесе 1919" кеңестік операсын жазды әрі "Том Сойер" балетін сахналады;1949 жылы ресейлік әртіс Любовь Полищук дүниеге келді. Ол "12 стульев", "Интердевочка", "Ширли-мырли" фильмдері арқылы көпшілікке танылды;1987 жылы ресейлік "ВИА Гра" тобының бұрынғы мүшесі, Queens тобының солисі Санта Димопулос дүниеге келді.21 мамырда Қазақстанда кім туды1918 жылы композитор, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ұйғыр кәсіби музыкасының негізін қалаушы Құддыс Қожамияров дүниеге келді;1946 жылы жазушы, драматург, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді;1954 жылы Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеге келді;1958 жылы Қазақстанның Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Алексей Волков дүниеге келді;1970 жылы Қазақстанның ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған Ерболат Досаев дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1019/97/10199756_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_5c847d407a6e1f498f9b766da52f76b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 мамыр
21 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
21 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні. 2011 жылы ЮНЕСКО мәдени әралуандылық жөніндегі баршаға ортақ декларация қабылдады. Ал 2012 жылы БҰҰ бас ассамблеясы дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күнін жариялады. Бұл мерекенің басты мақсаты – адамдарға өз елінің ғана емес, өзге де халықтың ұлттық мәдениеті әр алуан екенін түсінуге мүмкіндік беру.
21 мамыр – Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні 1998 жылы бекітіліп, бастапқыда қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланып жүрді. Алайда 2013 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бұл мереке 21 мамырға ауыстырылды.
Бүгін – халықаралық ғарыш күні. Бұл мерекені 1998 жылы 21 мамырда АҚШ ғарышкері Эндрю Томас ғарыштағы "Мир" станциясында атап өтуді ұсынды.
21 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1904 жылы Парижде халықаралық футбол федерациясы – FIFA құрылды;
1851 жылы Австралияда алғаш рет алтын табылды;
1945 жылы Сирия мен Ливан Франциядан тәуелсіздігін алды;
1956 жылы АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини атоллосында алғаш рет сутек бомбасын сынақтан өткізді.
21 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1940 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы геологиялық зерттеулер институты құрылды;
1999 жылы Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін "Каспий" мұнай құбыры тартыла бастады;
2008 жылы Қазақстанда ұлттық аэроғарыш қауымдастығы құрылды;
2013 жылы Қазақстанда "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңға қол қойды;
2014 жылы Қазақстан астанасындағы Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады.
21 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар
1894 жылы Кеңес одағының композиторы Арсений Гладковский дүниеге келді. Ол алғаш рет "Қызыл Петроград үшін немесе 1919" кеңестік операсын жазды әрі "Том Сойер" балетін сахналады;
1949 жылы ресейлік әртіс Любовь Полищук дүниеге келді. Ол "12 стульев", "Интердевочка", "Ширли-мырли" фильмдері арқылы көпшілікке танылды;
1987 жылы ресейлік "ВИА Гра" тобының бұрынғы мүшесі, Queens тобының солисі Санта Димопулос дүниеге келді.
21 мамырда Қазақстанда кім туды
1918 жылы композитор, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ұйғыр кәсіби музыкасының негізін қалаушы Құддыс Қожамияров дүниеге келді;
1946 жылы жазушы, драматург, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары болған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді;
1954 жылы Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеге келді;
1958 жылы Қазақстанның Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Алексей Волков дүниеге келді;
1970 жылы Қазақстанның ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған Ерболат Досаев дүниеге келді.