Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рютте Украина үшін америкалық қару-жарақтың маңызы туралы айтты

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО логотипі
НАТО логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2026
Жазылу
Рютте сонымен қатар жыл сайын ЖІӨ-нің 25 пайызын Украинаны қолдау үшін бөлу туралы ұсынысына одақ "қарсылық білдіріп" жатқанын айтты
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Батыстан жеткізілетін қару-жарақ пен әскери техниканың үздіксіз ағыны Украинаның өмір сүруі үшін өте маңызды, деп мәлімдеді НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында.
"Украина америкалық қару-жарақтың, бірінші кезекте зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің үздіксіз ағынынсыз өмір сүре алмайды. Бұл ол үшін өте маңызды", - деді ол.
Рютте сонымен қатар жыл сайын ЖІӨ-нің 25 пайызын Украинаны қолдау үшін бөлу туралы ұсынысына одақ "қарсылық білдіріп" жатқанын айтты.
АҚШ пен НАТО құрған PURL бастамасы АҚШ-тың Украинаға тікелей әскери қолдауын көздемейді. Онда еуропалық елдер Киев үшін америкалық қару сатып алады деп көзделген.
Жалпы Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ тиелген кез келген жөнелтілім Мәскеу үшін заңды нысана болатынын хабарлаған.
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинаның НАТО-ға қосылуы күн тәртібінде жоқ - Рютте
Жаңалықтар
0