https://sputnik.kz/20260520/oqu-zhylyn-39-millionnan-astam-oqushy-ayaqtaydy-63575240.html
Оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды
Оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды
Sputnik Қазақстан
25 мамыр күні барлық мектепте "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі 20.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-20T12:51+0500
2026-05-20T12:51+0500
2026-05-20T12:51+0500
оқу жылы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1414/98/14149805_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_c44a4a523f6a7dcd3f3dacf3352cdd16.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 2025-2026 оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Оның ішінде екі жүз он бес мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні барлық мектепте "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Оқушыларға жазғы каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.Ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Ал аттестаттар мен дипломдарды салтанатты табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.
https://sputnik.kz/20260429/2027-zhyly-zhogary-oqu-oryndaryna-tusuge-arnalgan-synaq-testeri-ozgerissiz-qalady-63005343.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1414/98/14149805_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_92dd66163d64147a000f0f098c14d348.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу жылы, қазақстан
Оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды
25 мамыр күні барлық мектепте "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 2025-2026 оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде екі жүз он бес мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.
"Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам, ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер болып отыр. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп жүр", - деп жазылған хабарламада.
Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні барлық мектепте "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Оқушыларға жазғы каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.
"Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады", - деп ескертті министрлік.
Ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Ал аттестаттар мен дипломдарды салтанатты табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.