Астанада жаңа босанған әйел баласын сатпақ болған

Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2026
Жазылу
Бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Астаналық әйел жаңа туған баласын сатпақ болған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Елорданың 19 жастағы тұрғыны баласын сату мақсатында делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында суррогат ана болу туралы жалған шарт жасасқан. Баланы ерлі-зайыпты сатып алмақ болған.
"Соттың 2025 жылдың 23 мамырындағы үкімімен жас ана және делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша кінәлі деп танылды", - дейді прокуратурада.
Сотталушылар пробациялық бақылау енгізумен шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Баласын сатпақ болған астаналық ата-ана құқынан айырылды.

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2026
Павлодарда баласын сатпақ болған әйел ұсталды
Жаңалықтар
0