Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2026
Жазылу
Ол ақша алып жатқан сәтте арнайы жасақ сарбаздарының қолына түсті
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалап, ақшасын алды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтады.
"Шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олармен бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген. Бір күні дәмханаға төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің бірін қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген", – деді полиция.
Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалау арқылы шетелдік азаматтың тағы 50 мың теңгесін иемденген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Оралда ер адамды фотосымен бопсалаған әйел ұсталды
Жаңалықтар
0