https://sputnik.kz/20260519/zhasyl-elge-quzhat-tapsyru-kezinde-keptelis-bolyp-bir-ayel-esinen-tanyp-qaldy-63554863.html
"Жасыл елге" құжат тапсыру кезінде кептеліс болып, бір әйел есінен танып қалды
"Жасыл елге" құжат тапсыру кезінде кептеліс болып, бір әйел есінен танып қалды
Sputnik Қазақстан
Орталық ғимаратының алдына 100-ден астам адам жиналды 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T12:07+0500
2026-05-19T12:07+0500
2026-05-19T12:07+0500
ақтау
жастар
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53695324_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_27134d9251956b0410a033803a6b7e06.jpg
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Ақтауда "Жасыл ел" жастар бағдарламасына құжат рәсімдеу кезінде қалың кезек пайда болып, келушілердің бірі есінен танып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Куәгердің айтуынша, "Жасыл ел" жастар бағдарламасы арқылы құжат рәсімдеуге барғандар ғимараттың ішіне сыймай, кептеліп қалған. Салдарынан бір әйел есінен танған. Ақтау қаласының 6-шағын ауданындағы "Арман" жастар орталығының ғимаратында болған оқиғаны қала әкімдігі растады.Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы тез жеткен. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ."Жағдайды тұрақтандыру және халықтың шамадан тыс жиналуына жол бермеу үшін құжат қабылдау терезелерінің саны ұлғайтылып, тіркеу және азаматтарға қызмет көрсетуге 20-ға дейін маман бекітілді. Сондай-ақ 140 орындық жеке күту залы ұйымдастырылды", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.
https://sputnik.kz/20231130/esiktin-aldynda-keptelip-qaldy-kuagerler-almatydagy-tragediyanyn-qalay-bolganyn-aytty-40531818.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53695324_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_80431ac063d823402bc489e7b53fc0f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, жастар, жұмыс
"Жасыл елге" құжат тапсыру кезінде кептеліс болып, бір әйел есінен танып қалды
Орталық ғимаратының алдына 100-ден астам адам жиналды
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Ақтауда "Жасыл ел" жастар бағдарламасына құжат рәсімдеу кезінде қалың кезек пайда болып, келушілердің бірі есінен танып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Куәгердің айтуынша, "Жасыл ел" жастар бағдарламасы арқылы құжат рәсімдеуге барғандар ғимараттың ішіне сыймай, кептеліп қалған. Салдарынан бір әйел есінен танған. Ақтау қаласының 6-шағын ауданындағы "Арман" жастар орталығының ғимаратында болған оқиғаны қала әкімдігі растады.
"Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Жастардың қызығушылығы жоғары болғандықтан, орталық ғимаратының алдына 100-ден астам адам жиналды. Азаматтардың кенеттен және көптеп жиналуына байланысты ғимарат ішінде кептеліс пайда болып, соның салдарынан келгендердің бірінің жағдайы нашарлады", - дейді Ақтау қаласының әкімдігі.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы тез жеткен. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Жағдайды тұрақтандыру және халықтың шамадан тыс жиналуына жол бермеу үшін құжат қабылдау терезелерінің саны ұлғайтылып, тіркеу және азаматтарға қызмет көрсетуге 20-ға дейін маман бекітілді. Сондай-ақ 140 орындық жеке күту залы ұйымдастырылды", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.