Ұшаққа құстардың соғылу қаупі жоғары әуежайлар аталды

© Getty Images / picture allianceСамолет летит во время захода на посадку в аэропорту
Самолет летит во время захода на посадку в аэропорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
Биыл үш айдың ішінде 33 рет құстар әуе кемелеріне соғылған
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ұшаққа құстардың соғылу қаупі жоғары әуежайларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Компанияның бас атқарушы директоры Майкл Дэниелдің айтуынша, былтыр құстардың ұшаққа соғылудың 280 оқиғасы тіркелді. Биыл үш айдың ішінде 33 рет құстар әуе кемелеріне соғылған.
"Бүгінде Атырау, Семей, Өскемен, Көкшетау, Балқаш пен Үржар әуежайларына жақын орналасқан қоқыс орындары ұшақтардың құспен соғылу ықтималдылығын арттырып, әуе компаниялары үшін эксплуатациялық шектеулер туғызып отыр", - деді Дэниел үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, әуежайларға жақын жерлерде мақсатсыз пайдалану фактілері тыйылмай отыр. Соның нәтижесінде құрылыс нысандары салынып, кедергілердің санын арттырып отыр. Мәселен, Алматы әуежайының маңында 160 кедергі анықталса, Шымкент әуежайына жақын жерде 150 құрылысы нысанын салып тастаған.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы мәселені шешу үшін әуежайлардың жақын жерлерді аймақтарға бөлу схемалары әзірлеп, әкімдіктерге таратты. Алайды ол схемалардың басым бөлігі елді мекендерді дамытудың бас жоспарларына әлі күнге дейін енгізілмеген", - деді авиациялық әкімшілік басшысы.
Жаңалықтар
0