Талдықорғанда студент кісі қолынан қаза болды: оқушы күдікке ілінді

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
Жастар арасында жанжал шығып, 17 жастағы оқушы студентке алты рет пышақ сұққан
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда студент жігітті пышақтады деген күдікпен оқушы қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жәңгір Нұрланұлы достарымен бірге танысының пәтеріне футбол көруге барған. Бұл туралы жігіттің анасы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты. Үйде он шақты адам, оның ішінде 17 жастағы оқушы да болған. Жастар арасында жанжал шығып, оқушы Жәңгірге алты рет пышақ сұққан.
Оқи отырыңыз: Шымкентте көшеде әйелді пышақтап өлтірген күдікті мәжбүрлеп емдеуге жіберілді
Полиция күдіктінің қамауға алынғанын айтады.
"Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, тергеу жүріп жатыр", - дейді Жетісу облысының полиция департаменті.
Тергеу барысы Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Жаңалықтар
0