Күйеуі көлікпен қағып өлтірген әйелге қатысты тың ақпарат шықты

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Алматы облысында полицей күйеуі көлікпен қағып өлтірді делінген 39 жастағы келіншек Жетісу облысында жер қойнына тапсырылды. Марқұм Даринаның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған, деп хабарлады КТК.
Дарина бұрын полицияда істеген. Жақындары оның қазасына күйеуін кінәлап отыр. Айтуларынша, Балқаш ауданының полиция бөлімінде орынбасар болып қызмет атқарған күйеу бала Даринаны қасақаны таптап өлтірген.
Тізгіндегі азаматтың қызметі туралы бұған дейін ақпарат құралдары да жазған болатын. Дегенмен Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растаған да, жоққа да шығарған жоқ. Тек оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынғанын хабарлады.
"Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Алматы облысы полиция депаратментінің ресми өкілі Ернар Сәйділдин.
Полицей, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып кеткен – тергеу басталды
Жаңалықтар
0