https://sputnik.kz/20260519/atyrau-oblysynda-bu-gaz-qondyrgysy-negizindegi-zhana-elektr-stantsiyasy-salynady-63514852.html
Атырау облысында жаңа электр станциясы салынады
Атырау облысында жаңа электр станциясы салынады
Sputnik Қазақстан
Станция пайдалануға берілгеннен кейін 124 тұрақты жұмыс орны ашылады 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T08:00+0500
2026-05-19T08:00+0500
2026-05-19T08:21+0500
атырау облысы
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/12/63540726_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_5c04655f0cc436d7e954757e3b104b8d.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Атырау облысының Жылыой ауданында қуаттылығы кемінде 250 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасындағы жаңа электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.Жоба аясында энергияны аралас өндіруге негізделген заманауи еуропалық бу-газ циклі технологиясы қолданылады. Бұл жүйеде алдымен электр энергиясы газ турбинасы арқылы өндірілсе, кейін пайдаланылған газдардың жылуы қосымша бу өндіруге бағытталып, бу турбинасы арқылы қайта электр қуаты алынады.Мамандардың сөзінше, технология жоғары тиімділікпен жұмыс істеп, отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоршаған ортаға зияны аз.Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспанның мәліметінше, қондырғы іске қосылғаннан кейін оның пайдалы әсер коэффициенті 54–56 пайызға дейін жетеді.Жоба Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Жаңа маневрлік қуат өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге, энергия тапшылығын азайтуға және өндірістік әрі әлеуметтік нысандарды тұрақты электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар жаңа станция Атырау облысының энергетикалық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/12/63540726_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_33c472577e8ef7022afbf82ea295b971.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, электр энергиясы
атырау облысы, электр энергиясы
Атырау облысында жаңа электр станциясы салынады
08:00 19.05.2026 (жаңартылды: 08:21 19.05.2026) Станция пайдалануға берілгеннен кейін 124 тұрақты жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Атырау облысының Жылыой ауданында қуаттылығы кемінде 250 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасындағы жаңа электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоба аясында энергияны аралас өндіруге негізделген заманауи еуропалық бу-газ циклі технологиясы қолданылады. Бұл жүйеде алдымен электр энергиясы газ турбинасы арқылы өндірілсе, кейін пайдаланылған газдардың жылуы қосымша бу өндіруге бағытталып, бу турбинасы арқылы қайта электр қуаты алынады.
Мамандардың сөзінше, технология жоғары тиімділікпен жұмыс істеп, отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоршаған ортаға зияны аз.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспанның мәліметінше, қондырғы іске қосылғаннан кейін оның пайдалы әсер коэффициенті 54–56 пайызға дейін жетеді.
"Құрылыс кезеңінде шамамен 350 адам жұмыспен қамтылады. Ал станция пайдалануға берілгеннен кейін 124 тұрақты жұмыс орны ашылады", – деді ол.
Жоба Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Жаңа маневрлік қуат өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге, энергия тапшылығын азайтуға және өндірістік әрі әлеуметтік нысандарды тұрақты электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа станция Атырау облысының энергетикалық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.