https://sputnik.kz/20260519/atyrau-moz-de-qaldyq-gazdardy-azaytu-ushin-arnayy-pontondar-ornatylady--qmg-63547936.html
Атырау МӨЗ-де қалдық газдарды азайту үшін арнайы понтондар орнатылады – ҚМГ
Атырау МӨЗ-де қалдық газдарды азайту үшін арнайы понтондар орнатылады – ҚМГ
Sputnik Қазақстан
Бұл шығарындыларды 90%-ға дейін қысқартуға көмектеседі 19.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-19T09:28+0500
2026-05-19T09:28+0500
2026-05-19T09:28+0500
атырау облысы
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0a/58603674_0:0:800:450_1920x0_80_0_0_f501213f3f40005276070493f8e1a93c.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Арнайы понтондар Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының резервуарларынан бөлінетін көмірсутек шығарындыларын 90% азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.2026 жылы зауытта осындай қалқымалы қақпақпен 9 резервуарды жабдықтау жоспарланып отыр. Бұған дейін 13 резервуар осындай жүйелермен жабдықталды.Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша зауыт 1 млн 966 мың тонна шикізат өңдеп, жоспардағы көрсеткіштен 47 мың тоннаға асып түсті. Осы кезеңде АМӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігі 90% жетті.Жеңіл мұнай өнімдерінің нақты өнімділігі 79,1% құрап, былтырғы деңгейден 2,6% жоғары болды.722 мың тонна автобензин өндіріліп, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім 8,4% құрады.Дизель отынын шығару көлемі 668 мың тоннаға жетіп, 14,5% артты, ал авиакеросин өндірісінің көрсеткіші 68 мың тоннаны құрап, 6% ұлғайды.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0a/58603674_112:0:712:450_1920x0_80_0_0_bc83148c548b7ffd3bb84e6cd0a4a674.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, мұнай өңдеу зауыты
атырау облысы, мұнай өңдеу зауыты
Атырау МӨЗ-де қалдық газдарды азайту үшін арнайы понтондар орнатылады – ҚМГ
Бұл шығарындыларды 90%-ға дейін қысқартуға көмектеседі
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Арнайы понтондар Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының резервуарларынан бөлінетін көмірсутек шығарындыларын 90% азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.
2026 жылы зауытта осындай қалқымалы қақпақпен 9 резервуарды жабдықтау жоспарланып отыр. Бұған дейін 13 резервуар осындай жүйелермен жабдықталды.
"Қазіргі уақытта кәсіпорын жасанды интеллектіні енгізудің толық кезеңіне өтті. Интеллектуалды жүйеге 100-ден аса жабдық қосылады деп көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша зауыт 1 млн 966 мың тонна шикізат өңдеп, жоспардағы көрсеткіштен 47 мың тоннаға асып түсті. Осы кезеңде АМӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігі 90% жетті.
Жеңіл мұнай өнімдерінің нақты өнімділігі 79,1% құрап, былтырғы деңгейден 2,6% жоғары болды.
722 мың тонна автобензин өндіріліп, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім 8,4% құрады.
Дизель отынын шығару көлемі 668 мың тоннаға жетіп, 14,5% артты, ал авиакеросин өндірісінің көрсеткіші 68 мың тоннаны құрап, 6% ұлғайды.