https://sputnik.kz/20260518/kemshilik-bar-nalibaev-almaty-vokzalyndagy-zhumystarga-konili-tolmaytynyn-aytty-63513045.html
"Кемшілік бар": Нәлібаев Алматы вокзалындағы жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты
"Кемшілік бар": Нәлібаев Алматы вокзалындағы жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев "Алматы-1" вокзалында былтыр наурыз айында басталған реконструкциялау... 18.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-18T09:17+0500
2026-05-18T09:17+0500
2026-05-18T09:17+0500
алматы
вокзал
https://sputnik.kz/img/1413/41/14134173_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_0fcb9591df2c6c280459cce96f56da29.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев "Алматы-1" вокзалында былтыр наурыз айында басталған реконструкциялау жұмысының барысын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Жоба-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптама порталына жүктеу аяқталғаны туралы мәлімет берілді, бірақ ұйғарым алу 2026 жылдың 11 тамызына қалған.Оның айтуынша жоспарланған жұмыс соңына жетпей, жолаушылар қиындық көріп отыр. Алып шаһарда орналасқан аса маңызды нысандағы жұмыс қарқыны мүлдем сын көтермейді.Бірінші вице-премьер мердігер компанияға жоба-сметалық құжаттаманы сараптамадан өткізу ісін жеделдетуді, жабдықтарды дер кезінде жеткізуді, қала әкімдігіне барлық жұмысты бақылауды тапсырды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1413/41/14134173_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_1cbcbc0a51e14afa893ef93c56411c3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, вокзал
"Кемшілік бар": Нәлібаев Алматы вокзалындағы жұмыстарға көңілі толмайтынын айтты
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев "Алматы-1" вокзалында былтыр наурыз айында басталған реконструкциялау жұмысының барысын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жоба-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптама порталына жүктеу аяқталғаны туралы мәлімет берілді, бірақ ұйғарым алу 2026 жылдың 11 тамызына қалған.
"Үкімет басшысының Алматы-1 вокзалындағы жаңғыртудың барысын көру тапсырмасымен келгенде, "Қазақстан темір жолының" жұмысындағы кемшіліктерді байқадық. Вокзалға жаз мезгілінде тәулігіне 12 мың, ал қыста 7 мыңға жуық жолаушы келіп-кетеді. Қазір оларға жыл он екі ай қолайсыз жағдай туындаған", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Оның айтуынша жоспарланған жұмыс соңына жетпей, жолаушылар қиындық көріп отыр. Алып шаһарда орналасқан аса маңызды нысандағы жұмыс қарқыны мүлдем сын көтермейді.
"Еліміздің тарихында бір мезетте 121 вокзалды жаңғырту жұмыстары бұрын-соңды болмаған. "Қазақстан темір жолы" басшылығына Алматы-1 вокзалындағы жұмысты тез арада аяқтауды тапсырамын. Қала әкімдігі жұмыс барысын, қарқынын күнделікті қадағалауы керек", - деді Нәлібаев.
Бірінші вице-премьер мердігер компанияға жоба-сметалық құжаттаманы сараптамадан өткізу ісін жеделдетуді, жабдықтарды дер кезінде жеткізуді, қала әкімдігіне барлық жұмысты бақылауды тапсырды.