Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаға бөлінген кредиттің алғашқы траншын маусымда төлейді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуФлаги ЕС и Украины
Флаги ЕС и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Еуроодақ Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредиттің алғашқы бөлігін маусымның бірінші жартысында төлейді. Бұл туралы ЕО дипломатия басшысы Кая Каллас Брюссельде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
"Бұл кредиттің алғашқы траншы маусымның бірінші жартысында берілуге тиіс, біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.
Бұған дейін алғашқы төлем 9 миллиард еуродан сәл асатыны хабарланған болатын. Оның шамамен 6 миллиарды әскери көмекке бағытталады, негізінен дрон өндіру мен сатып алуға жұмсалады.
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
ЕО Киевке кредит беру шарттарын қатаңдатуы мүмкін – БАҚ
Жаңалықтар
0