https://sputnik.kz/20260518/almaty-auezhayyndagy-qurylys-zhumystary-qashan-ayaqtalady--naqty-merzimi-belgilendi-63526573.html
Алматы әуежайындағы құрылыс жұмыстары қашан аяқталады – нақты мерзімі белгіленді
Алматы әуежайындағы құрылыс жұмыстары қашан аяқталады – нақты мерзімі белгіленді
Sputnik Қазақстан
Әуежай аумағындағы қаланың көркін бұзатын, туристерге жайсыздық тудыратын құрылыс жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтау керек 18.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-18T13:05+0500
2026-05-18T13:05+0500
2026-05-18T13:05+0500
алматы
әуежай
https://sputnik.kz/img/1373/42/13734265_0:146:3068:1872_1920x0_80_0_0_24628c5aadef264a4bf8d1800f91479e.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылыс жұмыстарын аяқтаудың нақты мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алматыға жұмыс сапарымен барған вице-премьер алдымен әуежайды аралап шықты.Ал қала әкімдігі жаңғырту жұмыстарының сапасы мен уақытында аяқталуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс.Нәлібаев Алматы әуежайының халықаралық терминалын таяуда нөсер жаңбыр салдарынан су басқанын еске салды. Себебі бұл жағдай қоғамда кең резонанс тудырып, қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар арасында жағымсыз реакцияға себеп болды.Айта кетені, Алматы әуежайын Түркияның TAV Havalimanları Holding A.Ş. компаниясы басқаруға алған. Былтыр тамыз айында жалпы сомасы $360 млн болатын алдағы бес жылға арналған бас жоспар да бекітілген. Соның аясында терминалдарды реконструкциялау, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу, жердегі қызмет көрсету жабдықтарын сатып алу, жүк перроны және бортта тамақтандыру нысандарын тұрғызу, қонақ үй мен көп деңгейлі паркинг салу және тағы басқа жобалар қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1373/42/13734265_243:0:2974:2048_1920x0_80_0_0_55234b06819814a4c67f11a23c8f00c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әуежай
Алматы әуежайындағы құрылыс жұмыстары қашан аяқталады – нақты мерзімі белгіленді
Әуежай аумағындағы қаланың көркін бұзатын, туристерге жайсыздық тудыратын құрылыс жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтау керек
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылыс жұмыстарын аяқтаудың нақты мерзімін белгіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Алматыға жұмыс сапарымен барған вице-премьер алдымен әуежайды аралап шықты.
"Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту – Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі авиациялық хабтардың біріне айналдыруға бағытталған стратегиялық шешім. Алайда жұмыс қарқыны өте баяу. Алматы – туристер көп келетін, ең әсем қаламыздың бірі. Әуежай аумағындағы қаланың көркін бұзатын, туристерге жайсыздық тудыратын құрылыс жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтау керек", - деді Нәлібаев.
Ал қала әкімдігі жаңғырту жұмыстарының сапасы мен уақытында аяқталуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс.
Нәлібаев Алматы әуежайының халықаралық терминалын таяуда нөсер жаңбыр салдарынан су басқанын еске салды. Себебі бұл жағдай қоғамда кең резонанс тудырып, қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар арасында жағымсыз реакцияға себеп болды.
Айта кетені, Алматы әуежайын Түркияның TAV Havalimanları Holding A.Ş. компаниясы басқаруға алған. Былтыр тамыз айында жалпы сомасы $360 млн болатын алдағы бес жылға арналған бас жоспар да бекітілген. Соның аясында терминалдарды реконструкциялау, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу, жердегі қызмет көрсету жабдықтарын сатып алу, жүк перроны және бортта тамақтандыру нысандарын тұрғызу, қонақ үй мен көп деңгейлі паркинг салу және тағы басқа жобалар қарастырылған.