Абай облысында балабақша басшылығы қызметкерлердің дербес деректерін таратып жіберген

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуДевушка сдает биометрические данные для оформления заграничного паспорта
Девушка сдает биометрические данные для оформления заграничного паспорта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Жазылу
Кінәлі лауазымды тұлғаға 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Абай облысында балабақша қызметкерлерінің дербес деректерінің таралуы анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Курчатов қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген талдау барысында қаладағы балабақшалардың бірінің 75 қызметкерінің дербес деректерінің таралуына байланысты заңнама бұзушылықтарын анықтады.
"Білім беру мекемесі қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден өткізу бойынша конкурс жариялау кезінде ашық қолжетімділікке қызметкерлердің толық сауалнамалық деректерін, ЖСН-ін және өзге де құпия ақпаратты қамтитын тізімді орналастырған", - деп жазылған хабарламада.
Қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қолжеткізе алатын тұлғалар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті және дербес деректерді субъектінің келісімінсіз немесе заңды негіздерсіз таратуға құқылы емес.
Мекеме басшылығы тарапынан аталған талаптардың сақталмауы дербес ақпараттың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылу қаупін туындатқан.
Көрсетілген бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаға 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0