https://sputnik.kz/20260517/ukrainaga-beriletin-kreditke-qatysty-sheshim-batysta-alandaushylyq-tugyzdy-63506643.html
Украинаға берілетін кредитке қатысты шешім Батыста алаңдаушылық туғызды
Украинаға берілетін кредитке қатысты шешім Батыста алаңдаушылық туғызды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің келесі аптада Украинаға Еуроодақ кредитінің алғашқы траншын бөлу туралы мәлімдемесі... 17.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-17T15:13+0500
2026-05-17T15:13+0500
2026-05-17T15:13+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63330767_0:204:3078:1935_1920x0_80_0_0_6ba7a8dd4abca6c28301556c4825cb6d.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің келесі аптада Украинаға Еуроодақ кредитінің алғашқы траншын бөлу туралы мәлімдемесі Батыста алаңдаушылық туғызды, деп жазды Berliner Zeitung.Басылымның мәліметінше, Украинадағы жемқорлық дауы сенімге селкеу түсірген. Сондай-ақ Украинаға кредит беру үшін қажет негізгі талаптардың кейбірі әлі толық орындалмаған.Мақалада фон дер Ляйен Ресейдің жаппай жауап соққыларына сілтеме жасап, дрондар саласын қаржыландыру үшін қаражат бөлуді жеделдетуге тырысып отырғаны айтылған. Алайда, батыстағылардың пікірінше, дәл осы дрон өндірісінің ауқымды жемқорлық жанжалына қатысы болуы мүмкін, бұл ЕО-ның Украинаға көрсететін бүкіл көмегіне қауіп төндіруі ықтимал деген күдік бар.Еурокеңес төрағасы Антониу Кошта 23 сәуірде ЕО елдері Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті түпкілікті мақұлдағанын мәлімдеді. Киев бұл қарызды Мәскеу тарапынан "репарация" төленген жағдайда ғана қайтаруға міндетті болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63330767_349:0:3078:2047_1920x0_80_0_0_6f910fb935dea0676af4512bf437e4df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украинаға берілетін кредитке қатысты шешім Батыста алаңдаушылық туғызды
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің келесі аптада Украинаға Еуроодақ кредитінің алғашқы траншын бөлу туралы мәлімдемесі Батыста алаңдаушылық туғызды, деп жазды Berliner Zeitung.
Басылымның мәліметінше, Украинадағы жемқорлық дауы сенімге селкеу түсірген. Сондай-ақ Украинаға кредит беру үшін қажет негізгі талаптардың кейбірі әлі толық орындалмаған.
"Миллиардтаған еуро көлеміндегі көмекті бөлу үшін қажет "Өзара түсіністік туралы меморандумға" әлі қол қойылмаған. Сонымен қатар кредитке қатысты толық келісім жасалмаған және ЕО қаржысы түсетін арнайы есепшот әлі ашылмаған", - деп жазылған хабарламада.
Мақалада фон дер Ляйен Ресейдің жаппай жауап соққыларына сілтеме жасап, дрондар саласын қаржыландыру үшін қаражат бөлуді жеделдетуге тырысып отырғаны айтылған. Алайда, батыстағылардың пікірінше, дәл осы дрон өндірісінің ауқымды жемқорлық жанжалына қатысы болуы мүмкін, бұл ЕО-ның Украинаға көрсететін бүкіл көмегіне қауіп төндіруі ықтимал деген күдік бар.
Еурокеңес төрағасы Антониу Кошта 23 сәуірде ЕО елдері Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті түпкілікті мақұлдағанын мәлімдеді. Киев бұл қарызды Мәскеу тарапынан "репарация" төленген жағдайда ғана қайтаруға міндетті болады.