https://sputnik.kz/20260517/qazaqstanda-qan-aynalymy-zhuyesi-aurularyna-shaldyqqandar-korsetkishi-55-ga-tomendedi-63505665.html
Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларына шалдыққандар көрсеткіші 5,5%-ға төмендеді
Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларына шалдыққандар көрсеткіші 5,5%-ға төмендеді
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда артериялық гипертония диагнозымен 1 776 876 пациент диспансерлік есепте тұрған 17.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-17T12:50+0500
2026-05-17T12:50+0500
2026-05-17T13:37+0500
денсаулық сақтау министрлігі
қан қысымы
халық
https://sputnik.kz/img/337/01/3370162_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8cb78e28e921c9b02e1b257e6191bc66.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Бүгін 17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орай денсаулық сақтау министрлігі елдегі дерекпен бөлісті.Гипертонияның қауіптілігі – ауру ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан оны жиі "үнсіз өлтіруші" деп атайды. Осыған байланысты артериялық қысымды бақылау бүгінде қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік бейінінің деректеріне сәйкес Қазақстандағы ересек тұрғындардың арасында артериялық гипертонияның таралу деңгейі шамамен 42%-ға жетеді, яғни елдегі әрбір екінші ересек адамның артериялық қысымы жоғары.Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда қанайналым жүйесі аурулары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қанайналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткіші 5,5%-ға төмендеді, ал осы аурулардан болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 148,8-ді құрады.
https://sputnik.kz/20260508/2026-zhyldyn-sonyna-deyin-biryngay-densaulyq-saqtau-portaly-iske-qosylady-63281209.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/337/01/3370162_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ea05937aee549708abd509efa1ac88c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, қан қысымы, халық
денсаулық сақтау министрлігі, қан қысымы, халық
Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларына шалдыққандар көрсеткіші 5,5%-ға төмендеді
12:50 17.05.2026 (жаңартылды: 13:37 17.05.2026) 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда артериялық гипертония диагнозымен 1 776 876 пациент диспансерлік есепте тұрған
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Бүгін 17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орай денсаулық сақтау министрлігі елдегі дерекпен бөлісті.
Гипертонияның қауіптілігі – ауру ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан оны жиі "үнсіз өлтіруші" деп атайды. Осыған байланысты артериялық қысымды бақылау бүгінде қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік бейінінің деректеріне сәйкес Қазақстандағы ересек тұрғындардың арасында артериялық гипертонияның таралу деңгейі шамамен 42%-ға жетеді, яғни елдегі әрбір екінші ересек адамның артериялық қысымы жоғары.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда артериялық гипертония диагнозымен 1 776 876 пациент диспансерлік есепте тұрған. Бұл мәселенің ауқымын және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің жоғары екенін қосымша көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда қанайналым жүйесі аурулары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қанайналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткіші 5,5%-ға төмендеді, ал осы аурулардан болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 148,8-ді құрады.