https://sputnik.kz/20260517/qazaqstan-qazanda-otken-zhas-aspazdar-turnirinde-dasturdi-saqtau-nominatsiyasyn-zhenip-aldy-63509684.html
Қазақстан жас аспаздар турнирінде "Дәстүрді сақтау" номинациясын жеңіп алды
Қазақстан жас аспаздар турнирінде "Дәстүрді сақтау" номинациясын жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Турнир "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" аясында өтті 17.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-17T19:15+0500
2026-05-17T19:15+0500
2026-05-17T20:09+0500
жастар
турнир
https://sputnik.kz/img/07ea/05/11/63508954_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_f297751177e18b3aa513c7ba5e60cd8b.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазанда өткен "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" халықаралық экономикалық форумы аясында жас аспаздардың үшінші халықаралық турнирі ұйымдастырылды.Жарысқа 16-25 жас аралығындағы 16 елдің жас аспаздары қатысты. Қазақстан командасы арнайы "Дәстүрді сақтау" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Бас жүлдені Мысыр елінің өкілі Эдрис Абдельрахман Мохсен Абдо Халиль иеленді.Турнирді Татарстан Республикасының Рестораторлар және қонақүй иелері қауымдастығы мен Жастар дипломатиясы академиясы ұйымдастырды. Іс-шара Татарстан үкіметінің және "Ресей – Ислам әлемі" стратегиялық көзқарастар тобының қолдауымен өтті.Айта кетері, "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" халықаралық экономикалық форумы Қазанда 12-17 мамыр аралығында өтті. 2026 жылғы ҚазанФорумға қатысу үшін әлемнің 103 елінің өкілдері тіркелген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/11/63508954_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_5b2f62ebddf815c11589a5a6d4908e6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, турнир
Қазақстан жас аспаздар турнирінде "Дәстүрді сақтау" номинациясын жеңіп алды
19:15 17.05.2026 (жаңартылды: 20:09 17.05.2026) Турнир "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" аясында өтті
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазанда өткен "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" халықаралық экономикалық форумы аясында жас аспаздардың үшінші халықаралық турнирі ұйымдастырылды.
Жарысқа 16-25 жас аралығындағы 16 елдің жас аспаздары қатысты. Қазақстан командасы арнайы "Дәстүрді сақтау" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бас жүлдені Мысыр елінің өкілі Эдрис Абдельрахман Мохсен Абдо Халиль иеленді.
Турнирді Татарстан Республикасының Рестораторлар және қонақүй иелері қауымдастығы мен Жастар дипломатиясы академиясы ұйымдастырды. Іс-шара Татарстан үкіметінің және "Ресей – Ислам әлемі" стратегиялық көзқарастар тобының қолдауымен өтті.
Айта кетері, "Ресей – Ислам әлемі: ҚазанФорум" халықаралық экономикалық форумы Қазанда 12-17 мамыр аралығында өтті. 2026 жылғы ҚазанФорумға қатысу үшін әлемнің 103 елінің өкілдері тіркелген.