https://sputnik.kz/20260516/astanada-zansyz-salynyp-zhatqan-turgyn-uy-keshenderi-anyqtaldy-63501492.html
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Елордадағы құрылыс алаңдарында сәулет басқармасы, "Астана Бас жоспары" ЖШС және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бірлескен... 16.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-16T19:54+0500
2026-05-16T19:54+0500
2026-05-16T19:54+0500
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854260_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_afc08be5bf4f54a8f63e3fc3c817f53f.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Елордадағы құрылыс алаңдарында сәулет басқармасы, "Астана Бас жоспары" ЖШС және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бірлескен тексеріс жүргізді.Тексеру барысында бірнеше заңбұзушылық белгілі болдыПрокурорлардың мәліметінше, Ш. Айтматов көшесі, 24/8 учаскесіне жақын маңда кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқаны анықталды.Осыған ұқсас келесі заңбұзушылық Ш. Айтматов пен Е-164 көшелерінің қиылысында тіркелді. Мұнда кіріктірілген үй-жайлары, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтеріп жатыр. Құрылыс нысанына жүргізілген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттар болмаған. Сонымен қатар, жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және міндетті сараптама қорытындысы алынбаған. Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы тиісті хабарлама уәкілетті органдарға жолданбаған.Бас прокуратура бұған дейін құрылысты тоқтату туралы ескерту алса да, заң талаптарын елемей, жұмысын жалғастыра берген заңсыз құрылыс салушыларға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.Қазіргі уақытта елорданың қала құрылысы саласында тәртіп орнату және заңсыз нысандардың жолын кесу мәселесі прокуратураның тұрақты бақылауында.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854260_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_f3322ff9f1a5710ccb1f448b7a3d11e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрылыс
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Елордадағы құрылыс алаңдарында сәулет басқармасы, "Астана Бас жоспары" ЖШС және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бірлескен тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында бірнеше заңбұзушылық белгілі болды
Прокурорлардың мәліметінше, Ш. Айтматов көшесі, 24/8 учаскесіне жақын маңда кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқаны анықталды.
"Тексеру нәтижесінде бұл нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысынсыз және жұмыстардың басталғаны туралы хабарламасыз жүргізіліп жатқаны белгілі болды", — деп атап өтті Бас прокуратура.
Осыған ұқсас келесі заңбұзушылық Ш. Айтматов пен Е-164 көшелерінің қиылысында тіркелді. Мұнда кіріктірілген үй-жайлары, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтеріп жатыр. Құрылыс нысанына жүргізілген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттар болмаған. Сонымен қатар, жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және міндетті сараптама қорытындысы алынбаған. Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы тиісті хабарлама уәкілетті органдарға жолданбаған.
Бас прокуратура бұған дейін құрылысты тоқтату туралы ескерту алса да, заң талаптарын елемей, жұмысын жалғастыра берген заңсыз құрылыс салушыларға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.
Қазіргі уақытта елорданың қала құрылысы саласында тәртіп орнату және заңсыз нысандардың жолын кесу мәселесі прокуратураның тұрақты бақылауында.