https://sputnik.kz/20260516/aqsh-ukrainadagy-keminde-13-biozertkhanany-qarzhylandyrgan-63468466.html
АҚШ Украинадағы кемінде 13 биозертхананы қаржыландырған
АҚШ Украинадағы кемінде 13 биозертхананы қаржыландырған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Киевтегі АҚШ елшілігінің құжаттарын зерделеу барысында Украина аумағындағы кемінде 13 биологиялық зертхананың АҚШ тарапынан... 16.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-16T12:33+0500
2026-05-16T12:33+0500
2026-05-16T12:33+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ақш
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63464963_119:68:1920:1081_1920x0_80_0_0_5f9a61b485710e95b14f91823c7001b1.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Киевтегі АҚШ елшілігінің құжаттарын зерделеу барысында Украина аумағындағы кемінде 13 биологиялық зертхананың АҚШ тарапынан қаржыландырылғаны анықталды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.Құжаттарға сәйкес, АҚШ Киев, Львов, Одесса, Харьков, Днепропетровск және өзге де қалаларда жоғары қорғаныс деңгейіне ие 13 зертхананы салу мен жабдықтауға 24,8 миллион доллар бөлген. Нысандардың басым бөлігі 2009–2013 жылдары Украина жағына тапсырылған.Ең қымбат жоба Одессадағы обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының орталық референс-зертханасы болған. Оның құны 3,49 миллион долларды құраған. Қаржыландырылған ірі нысандар қатарында Киевтегі Ветеринариялық медицина институты (2,11 миллион доллар), сондай-ақ Днепропетровскідегі диагностикалық зертхана (1,94 миллион доллар) және Львовтағы зертхана (1,93 миллион доллар) бар.Сонымен қатар РИА Новости қараған АҚШ Қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, америкалық билік Украинадағы 46 биологиялық зертханаға жалпы сомасы 200 миллион доллардан астам инвестиция салған.Бұл нысандар АҚШ Қорғаныс министрлігінің Биологиялық қауіп-қатерді азайту бағдарламасы аясында құрылған. Ресми түрде жоба табиғи жолмен де, әдейі таралуы мүмкін аса қауіпті инфекция ошақтарының алдын алуға бағытталғаны айтылған.Ресей бірнеше мәрте АҚШ-ты биологиялық қару әзірлеуді қаржыландырып, Украина аумағында Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенция талаптарын бұза отырып ондаған зертхана орналастырды деп айыптаған. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, арнайы әскери операция басталғаннан кейін америкалық бағдарламаны жалғастыруға қажетті барлық материал Украина аумағынан әкетілген.Джо Байден президент болған кезеңде АҚШ билігі Украинада Вашингтон бақылауындағы химиялық және биологиялық зертханалардың бар екенін жоққа шығарып, мұндай айыптауларды "сәтсіз тыңшылық роман", "ресейлік насихат" және "астыртын теория" деп бағалаған болатын.Өткен аптада АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард Байден әкімшілігі өкілдерінің Украинадағы америкалық биозертханалар туралы шындықты жасырғанын және бұл туралы айтуға тырысқан адамдарға қысым көрсеткенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260515/aqsh-pen-ukraina-resey-shekarasyndagy-biologiyalyq-qaru-boyynsha-zhauap-bermedi---resey-sim--63455615.html
украина
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63464963_475:43:1859:1081_1920x0_80_0_0_6d06745110cef2a9cd5fc3e5861dfe71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ақш
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Киевтегі АҚШ елшілігінің құжаттарын зерделеу барысында Украина аумағындағы кемінде 13 биологиялық зертхананың АҚШ тарапынан қаржыландырылғаны анықталды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Құжаттарға сәйкес, АҚШ Киев, Львов, Одесса, Харьков, Днепропетровск және өзге де қалаларда жоғары қорғаныс деңгейіне ие 13 зертхананы салу мен жабдықтауға 24,8 миллион доллар бөлген. Нысандардың басым бөлігі 2009–2013 жылдары Украина жағына тапсырылған.
Ең қымбат жоба Одессадағы обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының орталық референс-зертханасы болған. Оның құны 3,49 миллион долларды құраған. Қаржыландырылған ірі нысандар қатарында Киевтегі Ветеринариялық медицина институты (2,11 миллион доллар), сондай-ақ Днепропетровскідегі диагностикалық зертхана (1,94 миллион доллар) және Львовтағы зертхана (1,93 миллион доллар) бар.
Сонымен қатар РИА Новости қараған АҚШ Қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, америкалық билік Украинадағы 46 биологиялық зертханаға жалпы сомасы 200 миллион доллардан астам инвестиция салған.
Бұл нысандар АҚШ Қорғаныс министрлігінің Биологиялық қауіп-қатерді азайту бағдарламасы аясында құрылған. Ресми түрде жоба табиғи жолмен де, әдейі таралуы мүмкін аса қауіпті инфекция ошақтарының алдын алуға бағытталғаны айтылған.
Ресей бірнеше мәрте АҚШ-ты биологиялық қару әзірлеуді қаржыландырып, Украина аумағында Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенция талаптарын бұза отырып ондаған зертхана орналастырды деп айыптаған. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, арнайы әскери операция басталғаннан кейін америкалық бағдарламаны жалғастыруға қажетті барлық материал Украина аумағынан әкетілген.
Джо Байден президент болған кезеңде АҚШ билігі Украинада Вашингтон бақылауындағы химиялық және биологиялық зертханалардың бар екенін жоққа шығарып, мұндай айыптауларды "сәтсіз тыңшылық роман", "ресейлік насихат" және "астыртын теория" деп бағалаған болатын.
Өткен аптада АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард Байден әкімшілігі өкілдерінің Украинадағы америкалық биозертханалар туралы шындықты жасырғанын және бұл туралы айтуға тырысқан адамдарға қысым көрсеткенін мәлімдеді.