Жайық - Каспий бассейнінде 1,5 айда 7 тонна балық заңсыз ауланған

© Sputnik / Магомед Алиев / Медиабанкке өтуЖайық - Каспий бассейнінде 1,5 айда 7 тонна балық заңсыз ауланған
Жайық - Каспий бассейнінде 1,5 айда 7 тонна балық заңсыз ауланған - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Жазылу
677 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 15 мамыр - Sputnik. Жайық - Каспий бассейнінде 1,5 айда 7 тонна 237,08 кг балық заңсыз ауланған, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл "Бекіре" акциясы кезінде белгілі болды. Акция басталғалы бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 912 факті анықтап, жолы кесілді. 677 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сондай-ақ браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау фактілері бойынша 26 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 18,4 млн теңге айыппұл салынды", - дейді министрлік.

Заңсыз айналымнан барлығы 7 тонна 237,08 кг балық алынды. Оның ішінде 444,18 кг бекіре тұқымдас балық түрлері және 3 кг 274 гр бекіре тұқымдас балығының уылдырығы. Сондай-ақ 102 бірлік балық аулау құралдары және 73 бірлік су көлігі тәркіленді.
Су айдындарынан 835 дана заңсыз балық аулайтын ау шығарылды.
Каспий теңізіндегі шекарашылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Былтыр Каспий теңізінде 600-ден астам браконьерлік фактісі тіркелді
Жаңалықтар
0