https://sputnik.kz/20260515/qazaqstanda-zhasandy-zholmen-zhauyn-shashyn-shaqyru-zhobasy-iske-qosylady-63453078.html
Қазақстанда жасанды жолмен жауын-шашын шақыру жобасы іске қосылады
Қазақстанда жасанды жолмен жауын-шашын шақыру жобасы іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Осылайша Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болады 15.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-15T14:26+0500
2026-05-15T14:26+0500
2026-05-15T14:26+0500
президент
түркістан
жаңбыр
https://sputnik.kz/img/07e8/06/07/44833914_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_db844d9b96b5aa88d831ee8704e6bd8b.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасу өте маңызды.Президент Қазақстан тарапының БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен өзара байланысты арттыруға дайын екенін растады.Бұдан бөлек, өңірлік және жаһандық деңгейдегі су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін шешудің өзектілігіне мән берілді. Бұл ретте Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңызы айрықша.Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлеріне су жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асырады. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.Осылайша Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болады.
https://sputnik.kz/20260515/qar-aralas-zhanbyr-zhauady---ush-kunge-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-63439569.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/07/44833914_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ce925dfeef3f134a890894f8299fb623.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, түркістан, жаңбыр
президент, түркістан, жаңбыр
Қазақстанда жасанды жолмен жауын-шашын шақыру жобасы іске қосылады
Осылайша Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болады
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы мен Ұйым жетекшісі Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасу өте маңызды.
Президент Қазақстан тарапының БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен өзара байланысты арттыруға дайын екенін растады.
Бұдан бөлек, өңірлік және жаһандық деңгейдегі су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін шешудің өзектілігіне мән берілді. Бұл ретте Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасының маңызы айрықша.
Түркістан облысы БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге су қоймаларын толтыру және ауыл шаруашылығы жерлеріне су жеткізу мақсатында жауын-шашынды жасанды жолмен шақыратын бастаманы жүзеге асырады. Аталған жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.
Осылайша Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болады.