https://sputnik.kz/20260515/qazaqstanda-nekege-turatyndar-sany-22-ke-azaygan-63445488.html
Қазақстанда некеге тұратындар саны 22%-ке азайған
Қазақстанда некеге тұратындар саны 22%-ке азайған
Sputnik Қазақстан
Некеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп, ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр 15.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-15T12:51+0500
2026-05-15T12:51+0500
2026-05-15T12:53+0500
неке
астана
қызылорда
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25236270_0:70:1281:790_1920x0_80_0_0_5c477f47ef3dcc004815c9dd209be9ae.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде некеге тұрғандар саны азайып кетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.Некелесу 22%-ке азайды2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылы тіркелген некелер саны 148,8 мыңнан 116 мыңға дейін төмендеді. Осылайша он жыл ішінде некелер саны шамамен 22%-ке азайған.Астана некелесуден көш басында тұрНекеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп. Ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр."Астанада некелесу неге көп, өйткені жастар көп шоғырланған және еңбекке қабілетті, соған байланысты болуы да мүмкін. Айта кету керек, соңғы 20 жылдағы некелесудің ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдарға тиесілі. Бұл мерзімде 1000 адамға 9,8-9,9 неке тіркелген. Салыстырмалы түрде алғанда, 2005 жылы некелесу коэффициенті 8,12-ні құраған", - дейді статистика бюросында.Некеге тұру не үшін азайдыБіріншіден демографиялық толқын. 1990 жылдардың соңында туған ұрпақ қазіргі уақытта неке жасына жетті. Бұл кезеңде елдегі туу деңгейі айтарлықтай төмен болған."Сонымен қатар қазақстандықтардың некеге кеш тұратын болды. Соңғы 10 жылда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27, ал әйелдерде 25 жастан асып барып тұратын болды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
https://sputnik.kz/20260304/qazaqstandagy-arbir-ekinshi-neke-azhyrasumen-ayaqtalyp-zhatyr-61603968.html
астана
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25236270_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_8920882cf97778932a3d0311903b0a2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
неке, астана, қызылорда
Қазақстанда некеге тұратындар саны 22%-ке азайған
12:51 15.05.2026 (жаңартылды: 12:53 15.05.2026) Некеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп, ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде некеге тұрғандар саны азайып кетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылы тіркелген некелер саны 148,8 мыңнан 116 мыңға дейін төмендеді. Осылайша он жыл ішінде некелер саны шамамен 22%-ке азайған.
"Сәйкесінше, некелесу коэффициенті де төмендеген. Егер 2015 жылы 1000 адамға 8,48 неке тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,69 болды", - дейді бюрода.
Астана некелесуден көш басында тұр
Некеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп. Ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр.
"Астанада некелесу неге көп, өйткені жастар көп шоғырланған және еңбекке қабілетті, соған байланысты болуы да мүмкін. Айта кету керек, соңғы 20 жылдағы некелесудің ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдарға тиесілі. Бұл мерзімде 1000 адамға 9,8-9,9 неке тіркелген. Салыстырмалы түрде алғанда, 2005 жылы некелесу коэффициенті 8,12-ні құраған", - дейді статистика бюросында.
Некеге тұру не үшін азайды
Біріншіден демографиялық толқын. 1990 жылдардың соңында туған ұрпақ қазіргі уақытта неке жасына жетті. Бұл кезеңде елдегі туу деңгейі айтарлықтай төмен болған.
"Сонымен қатар қазақстандықтардың некеге кеш тұратын болды. Соңғы 10 жылда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27, ал әйелдерде 25 жастан асып барып тұратын болды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.