Қазақстан Үндістанмен бірлескен энергетикалық жобаларды дамытуға мүдделі - министрлік

© Photo : АО "KEGOC" Қазақстан Үндістанмен бірлескен энергетикалық жобаларды дамытуға мүдделі - министрлік
Қазақстан Үндістанмен бірлескен энергетикалық жобаларды дамытуға мүдделі - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Жазылу
️АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сайлас Тангалмен кездесу өткізді.
© Photo : Энергетика министрлігіҚазақстан Үндістанмен бірлескен энергетикалық жобаларды дамытуға мүдделі - министрлік
Қазақстан Үндістанмен бірлескен энергетикалық жобаларды дамытуға мүдделі - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Қазақстан Үндістанмен бірлескен энергетикалық жобаларды дамытуға мүдделі - министрлік
Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

"Келіссөздер барысында Ерлан Ақкенженов Қазақстан мұнайды терең өңдеу және мұнай-газ химиясы бағыттарын жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, көмір химиясын дамыту, электр энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды", - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Ерлан Аккенженов үндістандық компаниялар мен инвесторларды Қазақстанның энергетика секторындағы бірлескен жобаларға белсенді қатысуға шақырып, елдің ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.
Производство топливных элементов для АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2026
Қазақстан мен Үндістан уран жеткізу туралы келісім жасасты
Жаңалықтар
0