https://sputnik.kz/20260515/qazaqstan-shetel-narygynda-otandyq-halal-onimderinin-ulesin-keneytuge-muddeli---ministrlik-63463253.html
Қазақстан шетел нарығында отандық Halal өнімдерінің үлесін кеңейтуге мүдделі - министрлік
Қазақстан шетел нарығында отандық Halal өнімдерінің үлесін кеңейтуге мүдделі - министрлік
Sputnik Қазақстан
Қазақстан "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2026" XVII халықаралық экономикалық форумына қатысып, отандық өнімдерін ұсынды 15.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-15T21:59+0500
2026-05-15T21:59+0500
2026-05-15T21:59+0500
сауда
форум
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63463345_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_92924596938c83d40382d497ed400896.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2026" XVII халықаралық экономикалық форумына қатысты. Форум аясында Қазақстанның Ресей Федерациясы өңірлерімен және ислам әлемі елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық әрі өңіраралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер мен іскерлік іс-шаралар ұйымдастырылды.Форум шеңберінде ислам экономикасы мен Halal индустриясын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан отандық Halal өнімдерінің шетел нарықтарындағы үлесін кеңейтуге, тиісті инфрақұрылымды дамытуға, стандарттау жүйесін жетілдіруге және ислам әлемі елдерімен кооперацияны нығайтуға мүдделі екенін растады. Сонымен қатар, Halal индустриясы шикізаттық емес экспортты дамыту мен инвестиция тартудың перспективалы бағыттарының бірі екені аталды.
https://sputnik.kz/20260515/resey-federatsiyasy-kenesi-ulken-euraziyalyq-ariptestik-quru-mumkindigin-talqylap-zhatyr-63454920.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63463345_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_29afdb264d607483901387a4e5acb863.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, форум, министрлік
Қазақстан шетел нарығында отандық Halal өнімдерінің үлесін кеңейтуге мүдделі - министрлік
Қазақстан "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2026" XVII халықаралық экономикалық форумына қатысып, отандық өнімдерін ұсынды
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2026" XVII халықаралық экономикалық форумына қатысты.
Форум аясында Қазақстанның Ресей Федерациясы өңірлерімен және ислам әлемі елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық әрі өңіраралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер мен іскерлік іс-шаралар ұйымдастырылды.
"Министр "International Property Market" халықаралық жылжымайтын мүлік көрмесі мен конференциясына қатысып, "Жасанды интеллект – құрылыс саласындағы жаңа тиімділік" пленарлық сессияда сөз сөйледі. Іс-шара барысында цифрлық шешімдерді енгізу, заманауи технологияларды пайдалану және құрылыс саласының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды", -деп жазды министрлік.
Форум шеңберінде ислам экономикасы мен Halal индустриясын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан отандық Halal өнімдерінің шетел нарықтарындағы үлесін кеңейтуге, тиісті инфрақұрылымды дамытуға, стандарттау жүйесін жетілдіруге және ислам әлемі елдерімен кооперацияны нығайтуға мүдделі екенін растады.
Сонымен қатар, Halal индустриясы шикізаттық емес экспортты дамыту мен инвестиция тартудың перспективалы бағыттарының бірі екені аталды.