"Қарағанды – Балқаш" бағытында жолаушылар пойызы іске қосылады

Балқаш көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Жазылу
Пойыз құрамы 6 вагоннан жасақталған: оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы "Қарағанды – Балқаш" бағытында жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды темір жол компаниясы.
Жалпы ұзақтығы 472 шақырым болатын бағытта 19 аялдама болады. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды.
Қозғалыс кестесі:
Қарағанды станциясынан:
жөнелтілуі — 06:00
Балқаш станциясына келуі — 12:48
Балқаш станциясынан:
жөнелтілуі — 13:45
Қарағанды станциясына келуі — 20:53
Пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек, Сарықұм станциялары арқылы жүреді.
Пойыз құрамы 6 вагоннан жасақталған: оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 300 орын.
Билеттер комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ темір жол кассаларында қолжетімді.
Жаңа электр пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
"Шу – Тараз" бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
0