Тәуелсіздік сарайында Тоқаев пен Ердоғанның келіссөздері басталды
11:16 14.05.2026 (жаңартылды: 12:10 14.05.2026)

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Тоқаев пен Ердоған 15 мамырда Түркістандағы Түркі елдері ұйымына мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған арасындағы келіссөздер басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Тәуелсіздік сарайына келген Ердоғанға алдымен министрлер кабинетін, ал Түркия басшысы оған өз делегациясын таныстырды. Одан кейін құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің әнұрандары орындалды.

1/5
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған

2/5
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған

3/5
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған

4/5
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған

5/5

Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Бірлескен мәлімдемеге де қол қойылады. Ал бизнес форумда тағы бірқатар құжат рәсімделеді.
Бұдан бөлек, Тоқаев пен Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. Ал 15 мамырда Түркістандағы Түркі елдері ұйымына мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Отырыста жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселесі талқыланады.
Айта кетері, Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келіп отыр. Кеше Тоқаев Түркия басшысын әуежайдан қарсы алды.