Қазақстанда қанша адам банкрот деп танылды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 64 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелерін талқылады.
"Кездесу барысында 64 мыңнан астам азаматтың банкрот деп танылғаны айтылып, соттан тыс банкроттық рәсімдерін жетілдіру және халықтың борыштық жүктемесін азайту мәселелері көтерілді", - деп жазылған хабарламада.
Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов банкроттық тетіктері азаматтарды қолдаудың маңызды құралына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде заңнаманы жетілдіріп, рәсімдердің қолжетімділігін арттыру маңызды.
Пустой кошелек нет денег - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Банкрот деп тануға өтініш бергендердің төрттен үш бөлігі талапқа сай болмай шыққан
Жаңалықтар
0