Қазақстан Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2026
Жазылу
Медальдар кестесінде Өзбекстан құрамасы көш бастады. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасты
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Ташкентте өтіп жатқан U-15 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылар 24 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар.
Медальдар кестесінде Өзбекстан құрамасы көш бастады. Жарыс иелері 13 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль иеленді. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасты.
"Қазақстанның ұлдар құрамасы турнирді 10 медальмен аяқтады. Команда қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде түсті", - деп жазылған хабарламада.
Ұлдар арасында Азия чемпионы атанғандар:
Бейбарыс Қойшыбай (43 келі),
Нұрислам Бактубаев (55 келі),
Рауан Тоғызбай (61 келі),
Аманжан Жанай (67 келі),
Аян Бауыржан (70 келі).
Финалдық жекпе-жектерде қазақстандық спортшылар Үндістан мен Өзбекстан өкілдерін жеңіп шықты.
Күміс жүлдені Саят Рахымберді (33 келі), Жақсылық Ермекұлы (35 келі) және Айбын Мәжит (+70 келі) иеленді.
Қыздар құрамасы да жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Самал Төлепберген (52 келі) мен Нұргүл Сахи (67 келі) өз салмақ дәрежелерінде Азия чемпионы атанды.
Сондай-ақ Нұржанат Бекназар, Сабрина Әділханова, Аруна Шалман, Айару Файзуллаева және Көркем Ғалым күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты U-15 және U-17 жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Турнир 15 мамырда аяқталады.
Жаңалықтар
0