https://sputnik.kz/20260514/memlekettik-kirister-basqarmasynyn-qyzmetkeri-azamattarga-salyqtan-zhaltaruga-komektesken-63408828.html
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері азаматтарға салықтан жалтаруға көмектескен
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері азаматтарға салықтан жалтаруға көмектескен
Sputnik Қазақстан
Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T09:32+0500
2026-05-14T09:32+0500
2026-05-14T09:49+0500
салық
шығыс қазақстан
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатылды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Заңсыз әрекеттер "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан дайындалған.Тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 млн теңгені құрады. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген.Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260210/zhambyl-oblysynda-kasiporyn-1-mlrd-tengeden-astam-salyqtan-zhaltargan-61064089.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, шығыс қазақстан, қылмыстық іс
салық, шығыс қазақстан, қылмыстық іс
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері азаматтарға салықтан жалтаруға көмектескен
09:32 14.05.2026 (жаңартылды: 09:49 14.05.2026) Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатылды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Заңсыз әрекеттер "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан дайындалған.
Тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.
Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.
"Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен", - деп жазылған хабарламада.
Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 млн теңгені құрады. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.