https://sputnik.kz/20260514/eurodeputat-zhemqorlyq-dauyna-baylanysty-ukrainamen-kelissozdi-toqtatuga-shaqyrdy-63430834.html
Еуродепутат жемқорлық дауына байланысты Украинамен келіссөзді тоқтатуға шақырды
Еуродепутат жемқорлық дауына байланысты Украинамен келіссөзді тоқтатуға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Еуропарламенттің оңшыл Австрия бостандық партиясының депутаты Гаральд Вилимски Украинаны Еуроодаққа қабылдау туралы келіссөзді... 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T21:37+0500
2026-05-14T21:37+0500
2026-05-14T21:37+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Еуропарламенттің оңшыл Австрия бостандық партиясының депутаты Гаральд Вилимски Украинаны Еуроодаққа қабылдау туралы келіссөзді тоқтатуға шақырды. Бұған Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакқа қатысты сыбайлас жемқорлық дауы себеп болған.Украинаның Жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты Ермакты 3,1 миллион доллар кепілмен босату мүмкіндігін бере отырып қамауға алу туралы шешім шығарған. Ермак бұл соманы төлеуге жағдайы жоқ екенін айтты, ал қорғаушылары апелляция беретінін мәлімдеді.Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайда Украинаны ЕО-ға қосу туралы мәселе мүлде көтерілмеуі керек.Ол бұл істің Владимир Зеленскийдің айналасындағы адамға қатысты екенін атап өтті.Еуропарламент депутаты Еурокомиссияны бұл оқиғадан нақты қорытынды жасап, Украинамен мүшелік туралы келіссөзді дереу тоқтатуға және барлық қаржылай көмекті доғаруға шақырды.Дүйсенбі күні Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратурасы Ермакқа Киев маңындағы элиталық тұрғын үй құрылысы кезінде ақшаны заңдастырды деген айып таққанын хабарлады. Келесі күні Жоғары антикоррупциялық сот бұлтартпау шарасын қарауға кірісті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Еуропарламенттің оңшыл Австрия бостандық партиясының депутаты Гаральд Вилимски Украинаны Еуроодаққа қабылдау туралы келіссөзді тоқтатуға шақырды. Бұған Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакқа қатысты сыбайлас жемқорлық дауы себеп болған.
Украинаның Жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты Ермакты 3,1 миллион доллар кепілмен босату мүмкіндігін бере отырып қамауға алу туралы шешім шығарған. Ермак бұл соманы төлеуге жағдайы жоқ екенін айтты, ал қорғаушылары апелляция беретінін мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайда Украинаны ЕО-ға қосу туралы мәселе мүлде көтерілмеуі керек.
"Еуропалық Одақ сыбайлас жемқорлық пен ақшаны жылыстату қалыпты жағдайға айналған елмен бүгін де, ертең де, болашақта да мүшелік туралы келіссөз жүргізе алмайды және жүргізбеуге тиіс", деп Австрия бостандық партиясы оның сөзінен үзінді келтірді.
Ол бұл істің Владимир Зеленскийдің айналасындағы адамға қатысты екенін атап өтті.
"Бұл елде сыбайлас жемқорлық пен билікті асыра пайдалану өте үлкен проблемаға айналғанын тағы да дәлелдейді", - деді Вилимски.
Еуропарламент депутаты Еурокомиссияны бұл оқиғадан нақты қорытынды жасап, Украинамен мүшелік туралы келіссөзді дереу тоқтатуға және барлық қаржылай көмекті доғаруға шақырды.
Дүйсенбі күні Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратурасы Ермакқа Киев маңындағы элиталық тұрғын үй құрылысы кезінде ақшаны заңдастырды деген айып таққанын хабарлады. Келесі күні Жоғары антикоррупциялық сот бұлтартпау шарасын қарауға кірісті.