https://sputnik.kz/20260514/erdogan-toqaevpen-ne-turaly-soyleskenin-aytty-63424453.html
Ердоған Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Ердоған Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Sputnik Қазақстан
Біз инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз, деді Түркия президенті 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T14:36+0500
2026-05-14T14:36+0500
2026-05-14T14:49+0500
президент
түркия
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0e/63419588_0:95:1280:815_1920x0_80_0_0_f884efce05893a4ae0e17b13264cf353.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткізген келіссөздерге жоғары баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін екі елдің басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында шағын және кеңейтілген құрамда кездесті. Одан кейін стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.Осы орайда Түркия президенті 15 сәуірде Астанада өткен үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңыздылығын да ерекше айтты. Ол құжат 67 тармақтан тұрады."Біз инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды", – деді Ердоған.
https://sputnik.kz/20260514/toqaev-pen-erdogan-zhana-mektepti-ashty-63420745.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0e/63419588_34:0:1247:910_1920x0_80_0_0_603c75aea2535955907f68240cb56e60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, түркия, ынтымақтастық
президент, түркия, ынтымақтастық
Ердоған Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
14:36 14.05.2026 (жаңартылды: 14:49 14.05.2026) Біз инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз, деді Түркия президенті
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткізген келіссөздерге жоғары баға берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін екі елдің басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында шағын және кеңейтілген құрамда кездесті. Одан кейін стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.
"Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық", - деді Ердоған.
Осы орайда Түркия президенті 15 сәуірде Астанада өткен үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңыздылығын да ерекше айтты. Ол құжат 67 тармақтан тұрады.
"Біз инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды", – деді Ердоған.