https://sputnik.kz/20260514/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-14-mamyr-63356552.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 14 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 14 мамыр
Sputnik Қазақстан
14 мамырда не болғанын білесіз бе? 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T00:01+0500
2026-05-14T00:01+0500
2026-05-14T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1009/36/10093615_47:0:2452:1353_1920x0_80_0_0_0ab714a0a9468cf7253500294b2529b8.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.14 мамырда қандай қызықты оқиға болдыБүгін Ресейде Фрилансер күні аталып өтеді. 2005 жылы дәл осы күні Ресейдегі ең алғашқы фрилансер биржаларының бірі құрылған. Жыл сайын осы компанияның бастамасымен түрлі шаралар өткізіліп, оған белгілі бір кеңседен тыс қызмет ететін барлық фрилансер, дизайнер, бағдарламашы, менеджер, оптимизатор, копирайтер шақырылады. Фрилансер (freelancer – еркін найза ұстаушы, еркін атқыш) – қандайда бір компанияның штатына кірмейтан адам, ол тапсырыс берушілерді өзі таңдап, жұмыс кестесін өзі құрады. Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінде бұл құбылыс кең тарамаса да, жыл сайын фрилансерлердің саны өсіп келеді.Бүгін – вазелиннің туған күні. 2019 жылы бұл косметикалық әрі дәрілік зат 138 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. 1872 жылы британдық-америкалық химик Роберт Чезбро вазелинді әзірлеу технологиясын ойлап тауып, одан әрі жетілдірді. 1878 жылы 14 мамырда осы дәрмекті патенттеп алды. Содан бері бұл күн вазелиннің ресми туған күні болып саналады. Чезбро мұнайшылар жарақат пен күйікке жағатын ерекше массаға назар аударған. Осы затты терең зерттей келе, парафинге ұқсас дәрмектің терінің жаңаруына жақсы әсер етіп, жарақаттың жазылуын жылдамдататынына көз жеткізді. Тәжірибелер нәтижесінде химик заттың пайдалы компоненттерін анықтап, бөліп алды. "Мұнай желесі" деген атпен Чезбро өнімнің алғашқы партиясын дәріханаларға жеткізді. Бірақ жақпа майдың бұл атауын көпшілік түсінбейді. Мұнаймен байланысты зат қауіпсіз дегенге ешкім сенбепті. Сол кезде өнертапқыш немістің "су" сөзі мен латынның "зәйтүн майы" сөзін біріктіріп, нәтижесінде жаңа термин пайда болған – "vaselinum".14 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар1968 жылы The Beatles тобы Apple Corp атты жаңа дыбыс жазу компаниясының тұсауын кесті;1972 жылы литвалық Роман Каланта Каунаста елін отарлауға наразылық белгісі ретінде өзін өртеп жіберді;1975 жылы киевтік "Динамо" алғаш рет футболдан Кубоктар Кубогын ұтып алды;2009 жылы британ астрономы Уильям Гершельдің құрметіне аталған, "Гершель" телескопы орбитаға ұшырылды.14 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1869 жылы Ақтөбе қаласының негізі қаланды;1993 жылы ТМД елдерінің Экономикалық одағы құрылды;2010 жылы режиссер Ермек Тұрсыновтың "Келін" фильмі Монакода өткен дәстүрлі Халықаралық қайырымдылық кинофестивалінде бас жүлде ұтты;14 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар1553 жылы Марго Маргарита де Валуа патшайым дүниеге келді. Француз ханшайымы.1572—1599 жылдары Генрих де Бурбон, Наварр патшасы, Франция патшасы Генрихтің IV әйелі болған;1941 жылы британ актері Джон Форджэм дүниеге келді. Танымал фильмдері – "Костолом", "Жены футболистов", "Ограбление по-итальянски";1975 жылы украин музыканты, "Океан Ельзи" тобының көшбасшысы Святослав Вакарчук дүниеге келді;1984 жылы Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, бас директоры Марк Цукерберг дүниеге келді.14 мамырда Қазақстанда кім туды1894 жылы қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіров дүниеге келді;1941 жылы кеңес дәуіріндегі қазақ актері, Голливуд фильміне түскен алғашқы қазақ актері Нұржұман Ықтымбаев дүниеге келді;1947 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1009/36/10093615_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_eea1590978c7706f74d87da2fd283f31.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 14 мамыр
14 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
14 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Ресейде Фрилансер күні аталып өтеді. 2005 жылы дәл осы күні Ресейдегі ең алғашқы фрилансер биржаларының бірі құрылған. Жыл сайын осы компанияның бастамасымен түрлі шаралар өткізіліп, оған белгілі бір кеңседен тыс қызмет ететін барлық фрилансер, дизайнер, бағдарламашы, менеджер, оптимизатор, копирайтер шақырылады. Фрилансер (freelancer – еркін найза ұстаушы, еркін атқыш) – қандайда бір компанияның штатына кірмейтан адам, ол тапсырыс берушілерді өзі таңдап, жұмыс кестесін өзі құрады. Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінде бұл құбылыс кең тарамаса да, жыл сайын фрилансерлердің саны өсіп келеді.
Бүгін – вазелиннің туған күні. 2019 жылы бұл косметикалық әрі дәрілік зат 138 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. 1872 жылы британдық-америкалық химик Роберт Чезбро вазелинді әзірлеу технологиясын ойлап тауып, одан әрі жетілдірді. 1878 жылы 14 мамырда осы дәрмекті патенттеп алды. Содан бері бұл күн вазелиннің ресми туған күні болып саналады. Чезбро мұнайшылар жарақат пен күйікке жағатын ерекше массаға назар аударған. Осы затты терең зерттей келе, парафинге ұқсас дәрмектің терінің жаңаруына жақсы әсер етіп, жарақаттың жазылуын жылдамдататынына көз жеткізді. Тәжірибелер нәтижесінде химик заттың пайдалы компоненттерін анықтап, бөліп алды. "Мұнай желесі" деген атпен Чезбро өнімнің алғашқы партиясын дәріханаларға жеткізді. Бірақ жақпа майдың бұл атауын көпшілік түсінбейді. Мұнаймен байланысты зат қауіпсіз дегенге ешкім сенбепті. Сол кезде өнертапқыш немістің "су" сөзі мен латынның "зәйтүн майы" сөзін біріктіріп, нәтижесінде жаңа термин пайда болған – "vaselinum".
14 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1968 жылы The Beatles тобы Apple Corp атты жаңа дыбыс жазу компаниясының тұсауын кесті;
1972 жылы литвалық Роман Каланта Каунаста елін отарлауға наразылық белгісі ретінде өзін өртеп жіберді;
1975 жылы киевтік "Динамо" алғаш рет футболдан Кубоктар Кубогын ұтып алды;
2009 жылы британ астрономы Уильям Гершельдің құрметіне аталған, "Гершель" телескопы орбитаға ұшырылды.
14 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1869 жылы Ақтөбе қаласының негізі қаланды;
1993 жылы ТМД елдерінің Экономикалық одағы құрылды;
2010 жылы режиссер Ермек Тұрсыновтың "Келін" фильмі Монакода өткен дәстүрлі Халықаралық қайырымдылық кинофестивалінде бас жүлде ұтты;
14 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар
1553 жылы Марго Маргарита де Валуа патшайым дүниеге келді. Француз ханшайымы.1572—1599 жылдары Генрих де Бурбон, Наварр патшасы, Франция патшасы Генрихтің IV әйелі болған;
1941 жылы британ актері Джон Форджэм дүниеге келді. Танымал фильмдері – "Костолом", "Жены футболистов", "Ограбление по-итальянски";
1975 жылы украин музыканты, "Океан Ельзи" тобының көшбасшысы Святослав Вакарчук дүниеге келді;
1984 жылы Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, бас директоры Марк Цукерберг дүниеге келді.
14 мамырда Қазақстанда кім туды
1894 жылы қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіров дүниеге келді;
1941 жылы кеңес дәуіріндегі қазақ актері, Голливуд фильміне түскен алғашқы қазақ актері Нұржұман Ықтымбаев дүниеге келді;
1947 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова дүниеге келді.