https://sputnik.kz/20260514/astana-men-almatydan-alaniyaga-aue-reysteri-iske-qosyldy-63412569.html
Астана мен Алматыдан Аланияға әуе рейстері іске қосылды
Астана мен Алматыдан Аланияға әуе рейстері іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Рейстер 13 мамыр мен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T10:40+0500
2026-05-14T10:40+0500
2026-05-14T10:44+0500
алматы
астана
түркия
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0e/63408637_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_1d89283c4ea5d7bff6d4f05a0a113c50.jpg
АСТАНА, 14 мамыр - Sputnik. Астана мен Алматыдан Газипаша-Аланияға тікелей әуе рейстер іске қосылды, деп хабарлайды FlyArystan.Қазақстандық лоукостер FlyArystan 13 мамырдан бастап Алматыдан Жерорта теңізі жағалауындағы Алания курорттық өңірінің баламалы әуежайы – Газипашаға алғашқы тікелей рейстерін іске қосты."Алматы – Газипаша – Алания" бағыты бойынша рейстер 13 мамыр мен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.Бұған дейін Астанадан орындалған маусымдық рейстер де қайта жанданып, 11 мамыр мен 22 қазан аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.Газипаша-Алания әуежайы қазіргі таңда 17 әуе компаниясына қызмет көрсетеді және былтыр жолаушылар ағыны 1 миллионнан асып, 1 004 377 жолаушыға жеткен.
https://sputnik.kz/20260330/qazaqstannan-seul-men-pusanga-tikeley-aue-reysteri-qayta-ashylady-62278397.html
алматы
астана
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0e/63408637_344:0:2264:1440_1920x0_80_0_0_12b5171b5749ded0a74b3f9030babb11.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, астана, түркия
Астана мен Алматыдан Аланияға әуе рейстері іске қосылды
10:40 14.05.2026 (жаңартылды: 10:44 14.05.2026) Рейстер 13 мамыр мен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады
АСТАНА, 14 мамыр - Sputnik. Астана мен Алматыдан Газипаша-Аланияға тікелей әуе рейстер іске қосылды, деп хабарлайды
FlyArystan.
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 13 мамырдан бастап Алматыдан Жерорта теңізі жағалауындағы Алания курорттық өңірінің баламалы әуежайы – Газипашаға алғашқы тікелей рейстерін іске қосты.
"Алғашқы рейсті орындаған әуе кемесін Газипаша-Алания әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Осылайша, әуе компаниясының халықаралық бағыттар желісіндегі жаңа бағытының ашылуы атап өтілді. Салтанатты рәсім аясында қонақтар мен экипаж мүшелерінің қатысуымен мерекелік торт кесіліп, алғашқы рейстің жолаушыларына сыйлықтар табысталды", - дейді әуе компаниясында.
"Алматы – Газипаша – Алания" бағыты бойынша рейстер 13 мамыр мен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Бұған дейін Астанадан орындалған маусымдық рейстер де қайта жанданып, 11 мамыр мен 22 қазан аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.
Газипаша-Алания әуежайы қазіргі таңда 17 әуе компаниясына қызмет көрсетеді және былтыр жолаушылар ағыны 1 миллионнан асып, 1 004 377 жолаушыға жеткен.