https://sputnik.kz/20260514/aqtobede-bank-menedzheri-alayaqtardy-napaqasynan-ayyrdy-63393309.html
Ақтөбеде банк менеджері алаяқтарды "нәпақасынан" айырды
Ақтөбеде банк менеджері алаяқтарды "нәпақасынан" айырды
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар зейнеткерді депозиттегі ақшасын шешіп алуға көндірген 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T19:50+0500
2026-05-14T19:50+0500
2026-05-14T19:50+0500
ақтөбе
алаяқ
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:368:1521:1224_1920x0_80_0_0_08ada125a0ef034aa3c3fc3fa837e130.jpg
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде банк менеджері 77 жастағы зейнеткердің 2 млн теңгесін алаяқтардан аман алып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Оқиға 6 мамыр күні болған. Коммуналдық қызмет өкілімін деп хабарласқан алаяқтар зейнеткерді алдап соқпақ болған.Алаяқтар зейнеткерді депозиттегі ақшасын шешіп алуға көндірген. Сол күні ол банк бөлімшесіне барып, 2 миллион теңгені алмақ болған.Зейнеткердің туыстары келгенше банк қызметкерлері оны бөлімшеде ұстап, кейін жақындарына тапсырған. Одан кейін әжеймен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
https://sputnik.kz/20260202/tiktokta-ozin-emshi-dep-tanystyrgan-alayaq-sottaldy-60859539.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:226:1521:1367_1920x0_80_0_0_2d71875e5d703e9adc1223dce551820f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, алаяқ
Ақтөбеде банк менеджері алаяқтарды "нәпақасынан" айырды
Алаяқтар зейнеткерді депозиттегі ақшасын шешіп алуға көндірген
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде банк менеджері 77 жастағы зейнеткердің 2 млн теңгесін алаяқтардан аман алып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 6 мамыр күні болған. Коммуналдық қызмет өкілімін деп хабарласқан алаяқтар зейнеткерді алдап соқпақ болған.
"Олар есептегіш құралын ауыстыру керек деген сылтаумен әйелден SMS-кодты сұраған. Кодты алғаннан кейін алаяқтар оған eGov порталы мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде қайта-қайта қоңырау шала бастаған", – дейді полиция.
Алаяқтар зейнеткерді депозиттегі ақшасын шешіп алуға көндірген. Сол күні ол банк бөлімшесіне барып, 2 миллион теңгені алмақ болған.
"Банк қызметкерлері әйелдің үнемі белгісіз адамдармен телефон арқылы сөйлесіп тұрғанын байқап, күмәнданған. Дер кезінде араласып, зейнеткердің ақшасын алаяқтардан аман алып қалды", – дейді Ақтөбе полициясы.
Зейнеткердің туыстары келгенше банк қызметкерлері оны бөлімшеде ұстап, кейін жақындарына тапсырған. Одан кейін әжеймен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.