https://sputnik.kz/20260514/400-mynga-zhuyq-zhasospirim-adam-papillomasy-virusyna-qarsy-vaktsinatsiyalandy-63419300.html
400 мыңға жуық жасөспірім адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияланды - министрлік
400 мыңға жуық жасөспірім адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияланды - министрлік
Sputnik Қазақстан
Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз жағдай тіркелмеген 14.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-14T13:03+0500
2026-05-14T13:03+0500
2026-05-14T13:04+0500
денсаулық сақтау министрлігі
жасөспірім
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26238098_0:317:3079:2048_1920x0_80_0_0_5df62dd3e1866c7f83c5ea90b1c35c0e.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы жоспарлы вакцинациялау және 12–13 жастағы қыздарды толық иммундау жалғасып жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Биыл 1 мамырға дейін республика бойынша 11-13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілді. Оның ішінде 248 мың қызға бірінші доза, 150 мың қызға екінші доза егілді. Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз жағдай тіркелмеген.Министрліктің хабарлауынша, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауды кеңейту туралы азаматтардан өтініштер түсіп жатыр.Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі. Айта кету керек, вакцинация қыздың немесе ата-анасының келісімі берілгенде ғана жасалады. Ол білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20260302/meditsina-qyzmetkerlerine-de-qyzylshaga-qarsy-vaktsina-egilip-zhatyr-61560533.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26238098_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_f041e3dfee242cde0bd822b4c5f823aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, жасөспірім, вакцина
денсаулық сақтау министрлігі, жасөспірім, вакцина
400 мыңға жуық жасөспірім адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияланды - министрлік
13:03 14.05.2026 (жаңартылды: 13:04 14.05.2026) Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз жағдай тіркелмеген
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы жоспарлы вакцинациялау және 12–13 жастағы қыздарды толық иммундау жалғасып жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Биыл 1 мамырға дейін республика бойынша 11-13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілді. Оның ішінде 248 мың қызға бірінші доза, 150 мың қызға екінші доза егілді. Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз жағдай тіркелмеген.
Министрліктің хабарлауынша, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауды кеңейту туралы азаматтардан өтініштер түсіп жатыр.
"Сол себепті АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды одан әрі күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді қосымша қорғау үшін 14–17 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы қаулыға қол қойылды", - дейді министрлікте.
Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі. Айта кету керек, вакцинация қыздың немесе ата-анасының келісімі берілгенде ғана жасалады. Ол білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.