https://sputnik.kz/20260513/zelenskiy-birqatar-reseylik-kompaniyalarga-qarsy-sanktsiyalar-saldy-63371496.html
Зеленский бірқатар ресейлік компанияға қарсы санкциялар салды
Зеленский бірқатар ресейлік компанияға қарсы санкциялар салды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Владимир Зеленский бірқатар ресейлік компанияға қарсы санкциялар салды, деп хабарлады РИА Новости. 13.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-13T09:25+0500
2026-05-13T09:25+0500
2026-05-13T09:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/11/47906867_2:0:768:431_1920x0_80_0_0_2d35d801629c116a20dbb343f6a8ba38.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Владимир Зеленский бірқатар ресейлік компанияға қарсы санкциялар салды, деп хабарлады РИА Новости.Жарлыққа екі қосымша бар. Бірінде 32 ресейлік компания, соның ішінде "Омбы машина жасау конструкторлық бюросы", "РТ-комплектация" (Ростехтің еншілес компаниясы), "Сибэнергомаш", "Пермь өнеркәсіптік технологиялары", "Техноинторг", "Таврида электрик" және "Стройэнергоактив" компаниялары көрсетілген.Сонымен қатар 34 адамға қарсы санкциялар қолданылды. Зеленский кеңсесінің сайтына сәйкес, олардың бірнешеуі осы компаниялардың басшылары екені белгілі.Санкцияларға Украинадағы активтерді бұғаттау, лицензиялар мен ресми сапарлардың күшін жою, зияткерлік меншікті беруге тыйым салу, сауда келісімдерін, мәдени алмасуларды және ғылыми ынтымақтастықты тоқтату, сондай-ақ Украинаның барлық мемлекеттік марапаттарынан айыру кіреді. Тыйым 10 жылдық мерзіммен енгізіледі.Жалпы биыл 23 сәуірде Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдады. Өз кезегінде Ресей бірнеше жыл бұрын Батыстың Ресейге көрсете бастаған және әлі де күшейе түскен санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260502/europarlament-deputaty-reseyge-qarsy-zhana-sanktsiyalar-turaly-aytty-63127518.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/11/47906867_193:0:768:431_1920x0_80_0_0_7cab01b5ba608e8f779a34c99e216fc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский бірқатар ресейлік компанияға қарсы санкциялар салды
09:25 13.05.2026 (жаңартылды: 09:32 13.05.2026) АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Владимир Зеленский бірқатар ресейлік компанияға қарсы санкциялар салды, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің 2026 жылдың 12 мамырындағы "Жеке арнайы экономикалық және басқа да шектеу шараларын қолдану туралы" шешімі қабылдансын", - делінген Зеленский кеңсесінің сайтында жарияланған жарлықта.
Жарлыққа екі қосымша бар. Бірінде 32 ресейлік компания, соның ішінде "Омбы машина жасау конструкторлық бюросы", "РТ-комплектация" (Ростехтің еншілес компаниясы), "Сибэнергомаш", "Пермь өнеркәсіптік технологиялары", "Техноинторг", "Таврида электрик" және "Стройэнергоактив" компаниялары көрсетілген.
Сонымен қатар 34 адамға қарсы санкциялар қолданылды. Зеленский кеңсесінің сайтына сәйкес, олардың бірнешеуі осы компаниялардың басшылары екені белгілі.
Санкцияларға Украинадағы активтерді бұғаттау, лицензиялар мен ресми сапарлардың күшін жою, зияткерлік меншікті беруге тыйым салу, сауда келісімдерін, мәдени алмасуларды және ғылыми ынтымақтастықты тоқтату, сондай-ақ Украинаның барлық мемлекеттік марапаттарынан айыру кіреді. Тыйым 10 жылдық мерзіммен енгізіледі.
Жалпы биыл 23 сәуірде Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдады. Өз кезегінде Ресей бірнеше жыл бұрын Батыстың Ресейге көрсете бастаған және әлі де күшейе түскен санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді.