Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бір күнде әскери іс-қимылдарға шамамен 450 миллион доллар жұмсайды

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига бір күндік әскери іс-қимылдарға шамамен 450 миллион доллар кететінін мәлімдеді.
"Соғыстың бір күніне шамамен 450 миллион доллар жұмсалады. Бұл біз үшін үлкен сын-қатер", — деді Сибига халықаралық қауіпсіздік жөніндегі PISM Strategic Ark Conference конференциясында.
Министрдің пікірінше, биыл бейбітшілікке қол жеткізу үшін шешуші жыл болуы мүмкін. Алайда ол үшін АҚШ тарапынан қолдау қажет.
Сәуір айының соңында Еуропалық одақ Украинаға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредитті мақұлдады. Еуропалық комиссия мәліметінше, алғашқы 9 миллиард еуро шілде айының соңына дейін аударылады. Оның шамамен 6 миллиарды қару-жараққа, ал 3 миллиарды Украина бюджетін қолдауға бөлінеді.
Президент Европейской комиссии Урсула фон дер Ляйен  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Фон дер Ляйен Украинаға берілетін кредиттің алғашқы траншы қайда жұмсалатынын айтты
Жаңалықтар
0