https://sputnik.kz/20260513/slovakiya-ukrainaga-zhetkiziletin-oq-dari-kolemin-arttyrady--peter-pellegrini-63394548.html
Словакия Украинаға жеткізілетін оқ-дәрі көлемін арттырады – Петер Пеллегрини
Словакия Украинаға жеткізілетін оқ-дәрі көлемін арттырады – Петер Пеллегрини
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Словакия Украинаға оқ-дәрінің миллиондаған данасын коммерциялық негізде жеткізіп жатыр және алдағы уақытта бұл көлем одан әрі... 13.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-13T19:14+0500
2026-05-13T19:14+0500
2026-05-13T19:14+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/1006/59/10065969_0:104:2048:1256_1920x0_80_0_0_ac9924db1209131db150561587d7afab.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Словакия Украинаға оқ-дәрінің миллиондаған данасын коммерциялық негізде жеткізіп жатыр және алдағы уақытта бұл көлем одан әрі артады, деп мәлімдеді ел президенті Петер Пеллегрини.Оның айтуынша, ел қорғаныс өнеркәсібіне қомақты инвестиция салған, ол қазір ЖІӨ-нің 3%-ына жуықтайды.Ол осы инвестициялардың арқасында Словакия НАТО аясындағы оқ-дәрі өндіруші негізгі елдердің біріне айналғанын атап өтті.2023 жылдың күзінде Роберт Фицо үкіметі билікке келгеннен кейін Украинаға мемлекеттік қорлардан әскери көмек беру тоқтатылды. Дегенмен Словакия Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып отыр, атап айтқанда, электр энергиясын, миналарды залалсыздандыруға арналған техниканы және генераторларды жеткізіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1006/59/10065969_118:0:1931:1360_1920x0_80_0_0_c4572953a38fe533f23d2f49cc1d91dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Словакия Украинаға жеткізілетін оқ-дәрі көлемін арттырады – Петер Пеллегрини
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Словакия Украинаға оқ-дәрінің миллиондаған данасын коммерциялық негізде жеткізіп жатыр және алдағы уақытта бұл көлем одан әрі артады, деп мәлімдеді ел президенті Петер Пеллегрини.
Оның айтуынша, ел қорғаныс өнеркәсібіне қомақты инвестиция салған, ол қазір ЖІӨ-нің 3%-ына жуықтайды.
"Коммерциялық негізде біз Украинаға миллиондаған көлемде оқ-дәрі жеткізіп жатырмыз және бұл көлем алдағы уақытта өседі", – деді Пеллегрини "Бухарест тоғыздығы" саммиті аясында.
Ол осы инвестициялардың арқасында Словакия НАТО аясындағы оқ-дәрі өндіруші негізгі елдердің біріне айналғанын атап өтті.
2023 жылдың күзінде Роберт Фицо үкіметі билікке келгеннен кейін Украинаға мемлекеттік қорлардан әскери көмек беру тоқтатылды. Дегенмен Словакия Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып отыр, атап айтқанда, электр энергиясын, миналарды залалсыздандыруға арналған техниканы және генераторларды жеткізіп жатыр.