Қазақстанның ТМҰ елдерімен тауар айналымы 12,9 млрд долларға жетті

Вагоны с зерном - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бизнес-форумы өтіп жатыр.
Форумға ұйымға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров Қазақстанның ТМҰ елдерімен тауар айналымы 12,9 млрд долларға жеткенін хабарлады. Экспорт көлемі шамамен 20%-ға өскен.
"Бұл 2024 жылғы деңгейден 12,2%-ға жоғары. ТМҰ елдеріне экспорт 19,9%-ға өсіп, 9,49 млрд долларға жетті. Қазақстанның саудадағы пайдасы $4 млрд-тан $6 млрд-қа дейін ұлғайды", – деді Алдажаров.
Оның айтуынша, Қазақстанның ұйым елдеріне бидай экспорты 53%-ға, күнбағыс майы экспорты 93%-ға артқан.
Тауар айналымында:
Түркия – 41%;
Өзбекстан – 37%;
Қырғызстан – 17,3%;
Әзербайжан – 3,6% үлеске ие.
Форумда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түркі инвестициялық қоры алғашқы бірлескен жобаларға 20 млн жоллардан бастап қаржы бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Жобалар ауыл шаруашылығы, логистика және басқа да салаларды қамтиды.
"Біз бұл қорды ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын қолдайтын негізгі қаржылық тетіктердің бірі ретінде қарастырамыз. Қор практикалық жобалар портфелін қалыптастыруды бастап кетті және бастапқы кезеңде жобаларды бірлесіп қаржыландыруға $20 млн-нан бастап қаражат бөлуге дайын", – деді Жұманғарин.
Атап айтқанда, қордың Алматы халықаралық әуежайы инфрақұрылымын дамыту жобасын қаржыландыруға қатысуы жөнінде келіссөз басталған.
Жалпы, ТМҰ нарығында 170 миллионнан астам адам бар. Вице-премьердің айтуынша, бұл нарықтың өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және адами ресурстар әлеуеті өте жоғары.
ТМҰ құрамына:
Қазақстан;
Қырғызстан;
Өзбекстан;
Түркия;
Әзербайжан кіреді.
Бақылаушы елдер: Түрікменстан, Венгрия және Солтүстік Кипр.
15 мамыр күні ТМҰ саммиті Түркістан қаласында өтеді.
Жаңалықтар
0