Екі айлық нәресте Таиландтан Алматыға санавиациямен жеткізілді

© Photo : Скриншот видео Минздрава КазахстанаМладенец экстренно доставлен бортом медицинской авиации из Таиланда в Алматы
Младенец экстренно доставлен бортом медицинской авиации из Таиланда в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Таиландтың Пхукет қаласынан Алматыға екі айлық нәресте медициналық авиациямен жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл 24 наурызда туған нәрестенің жағдайы ауыр болды. Жасанды тыныс алдыру аппараты қажет болды. Осыған байланысты арнайы тасымалдау кювезін пайдалануға шешім қабылданды.
Нәрестені ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобильдік бригадасы, соның ішінде дәрігер Жасұлан Жұмағұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев алып келді.
"Алматы қаласына келгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды", - дейді мамандар.
Айта кетері, 11 мамырда Қытайдың Үрімші қаласынан Астанаға санавиациямен тағы бір науқасты алып келді. 1965 жылы туған ер адамның миында қан айналымы бұзылған. Оны орталықтың нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызды.
Жаңалықтар
0