https://sputnik.kz/20260513/ata-analar-zhauapkershilikti-tolyqtay-mugalimge-zhuktey-almaydy--zan-qabyldandy-63394178.html
Ата-аналар жауапкершілікті толықтай мұғалімге жүктей алмайды – заң қабылданды
Ата-аналар жауапкершілікті толықтай мұғалімге жүктей алмайды – заң қабылданды
Sputnik Қазақстан
Баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтілді 13.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-13T18:35+0500
2026-05-13T18:35+0500
2026-05-13T18:35+0500
мұғалім
ата-ана
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42436623_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_cad7e503b171b5ea2ece6d8db71edc51.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары педагог мәртебесі және білім беру мәселелеріне қатысты заңнамалық өзгерістерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасының негізгі мақсаты – педагог мәртебесін барынша қорғау. Ұсынылған нормалар мұғалімді артық жүктемеден босатып, кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді.Оның айтуынша, баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі де кеңейтілді. Білім мен тәрбие тек мектептің емес, отбасы мен мемлекеттің ортақ міндеті ретінде нақты айқындалған.Заңда талантты мамандарды қолдау шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен түсе алады. Сондай-ақ педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау мен ауыстыру талаптары қатаңдатылып отыр.Айта кетері, қазір әр мектеп әкімшілігі оқушылардың смартфонды қолдану тәртібін өз бетінше белгілейді. Заң бойынша тыйым тек сабақ кезінде қолданылады, ал үзіліс кезінде оқушылар телефон пайдалана алады. Егер телефон оқу процесі үшін қажет болса, мұғалімнің шешімімен қолдануға рұқсат беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42436623_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e00f9b7b7f14af42ab666333bf506f48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, ата-ана
Ата-аналар жауапкершілікті толықтай мұғалімге жүктей алмайды – заң қабылданды
Баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтілді
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары педагог мәртебесі және білім беру мәселелеріне қатысты заңнамалық өзгерістерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасының негізгі мақсаты – педагог мәртебесін барынша қорғау. Ұсынылған нормалар мұғалімді артық жүктемеден босатып, кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді.
"Енді педагогтердің білім алушылар алдындағы жауапкершілігі тек оқу процесі барысында айқындалады. Бұл мұғалімді өзіне тән емес функциялардан қорғайды. Сондай-ақ заң жобасында қағаз және электронды формат қатар жүретін "цифрлы бюрократияға" заңнамалық деңгейде тыйым салынады", – деді депутат Жанарбек Әшімжанов.
Оның айтуынша, баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі де кеңейтілді. Білім мен тәрбие тек мектептің емес, отбасы мен мемлекеттің ортақ міндеті ретінде нақты айқындалған.
Заңда талантты мамандарды қолдау шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен түсе алады. Сондай-ақ педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау мен ауыстыру талаптары қатаңдатылып отыр.
"Біз білім беру ортасын реттеуде батыл қадамдар жасап, орта білім беру ұйымдарында ұялы құрылғыларды пайдаланудың бірыңғай қағидаларын бекіттік. Бұл оқушылардың назарын білімге аударуға және кибербуллингтің алдын алуға септігін тигізеді", – деп атап өтті депутат.
Айта кетері, қазір әр мектеп әкімшілігі оқушылардың смартфонды қолдану тәртібін өз бетінше белгілейді. Заң бойынша тыйым тек сабақ кезінде қолданылады, ал үзіліс кезінде оқушылар телефон пайдалана алады. Егер телефон оқу процесі үшін қажет болса, мұғалімнің шешімімен қолдануға рұқсат беріледі.