Жолаушылар пойызы арқылы мың тоннадан астам жүк заңсыз тасымалданған

Жолаушылар пойызы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Жазылу
9 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Жолаушылар пойызы арқылы төрт айда 1 308 кг жүк заңсыз тасымалданған, деп хабарлайды Көлік министрігі.
Жыл басынан бері 280 жолаушылар пойызы тексерілді.
"Тексеру қорытындысы бойынша 4 айда жолаушыларды тасымалдау қағидалары 569 рет бұзылған. Билетсіз жүрген 88 жолаушы, сондай-ақ рәсімделмеген 1 308 кг жүк анықталды", - дейді министрлік.
Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, сервистік қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.
9 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды.
Железнодорожные пути, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті
Жаңалықтар
0